Усть-Каменогорск
малооблачно
-13°
  • Усть-Каменогорск
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Нур-Султан (Астана)
    -6°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +8°
  • Атырау
    +1°
  • Караганда
    -3°
  • Кокшетау
    -9°
  • Костанай
    -7°
  • Кызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Уральск
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Кене шағып алған жағдайда не істейміз?

Әр мезгілдің өз бейнеті бар-ды. Қыста тұмау дерті өрбісе, қар еріп, мамыражай көктем келісімен кенелердің белсенділігі басталады

Жалпы кенелердің белсенділігі алғашқы көктемнің шығуымен сәуір-маусым айларында басталады.

Әрине, кенелер көп жағдайда мал ұстайтын, жайылым басталатын ауылды өңірлерде көп кездеседі деуге болады. Алайда, күн жылына салысымен қала тұрғындары демалысқа, саяжайдағы жеміс отырғызу жұмысына шығуға әуестенеді. Сондықтан ормандағы кене қаупі мен қаладағы қауіп тең келеді.

Кенелер жұқпалы аурулардың тасымалдаушысы болып табылады, солардың қауіптісі кене энцефалиті.

- Кене энцефалиті - қалтырау, жүйке жүйесін зақымдайтын, сал ауруын тудыратын жіті инфекциялық, табиғи ошақтық аурушаңдық, - дейді Өскемен қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Михаил Дерябин. - Зақымдану кене шаққан кезде және кене энцефалитінің вирусы бар кенемен зақымданған жануардың шикі сүтінен де жұғу фактілері бар. Қоздырғышты жұқтыру маусымы көктем-жаз мезгілінде тіркеледі.

Айта кету керек, Өскемен қаласында эпидемиологиялық маусымның басынан бері 15 адамды кене шаққан. Олардың ішінде 14 жасқа дейінгі бала саны - 4.

Михаил Дерябин кенелерден сақтанудың бірқатар алғышарттарын ұсынады. Бұл ретте жәндіктердің табиғатына да терең тоқталып өткен.

Кенелер әдетте таңғы және кешкі уақыттарда белсенді әрекет етеді. Ылғалды, қараңғы жерлерді, құрғақ бұталардың арасында кездеседі. Күннің ыстық мезгілінде кенелер жасырын отырады, құрғақ ыстық ауаны жақсы көрмейді. Сондықтан күн жақсы түсетін, құрғақ орын демалу үшін аса қолайлы.

- Орманға, табиғатқа шығарда жеңі ұзын көйлек, шалбар кию керек. Көйлекті шалбардың ішіне салып кию керек. Бас орамал не басқа да бас киім киіп шыққан дұрыс. Ашық түсті киім киген жөн, өйткені мұндай киімдерден кенелерді табу оңай, - деп кеңес береді маман.

Серуендеп жүрген кезде әр 1-2,5 сағат сайын өзіңді және басқа да бірге жүрген адамдарды кенелердің бар-жоғына тексеріп отыру керек. Тексеру кезінде әсіресе шаштың арасын, дененің бүгілетін жерлерін, шаптың қолтықтың арасын, құлақтың артын мұқият қарау керек. Сақтық шарасы ретінде көгалға отыруға не жатуға болмайды. Ұйықтауға және демалуға таңдалған жерлерді құрғақ кептен, шөптерден, бұталардан тазарту керек. Даладан келген барлық заттарды кенеге тексеру керек.

- Кенені қолмен сығып өлтіруге болмайды, өйткені ауру қоздырғыштары денедегі ұсақ жарақаттар арқылы қанға түсуі мүмкін, - дейді Михаил Дерябин. - Қадалған кенені денеден алу үшін 3 күннен кешіктірмей медициналық көмекке жүгіну керек. Кене шаққан жағдайда алғашқы серологиялық көмек көрсететін тәулік бойы жұмыс жасайтын пункттер: №2 калалық ауруханасы, «Ана мен бала орталығы».

Дәрігер сонымен қатар, кенені өз еркімен алуға болатынын айтады. Кененің бір қасиеті, оның басы адам ағзасына түссе де тірі жүреді. Сондықтан бұл жәндіктің бірде-бір мүшесі адам денесінде қалмауы керек.

- Кенені қысқышпен (пинцет) не қалыңдау жіптің көмегімен кененің бас тұсына неғұрлым жақын әкеліп, оңды, солды шайқап, жабысқан кенені алып, жағып жіберу керек, - дейді Михаил Дерябин. - Егер кенені алу кезінде басы қалып қалса, сол жерді спиртпен сүртіп, стерильді инемен (отқа қызған) кененің басын жұлып алу керек. Кене шаққан жерді йод ерітіндісімен не спиртпен сүртіп, қолды сабындап жуу керек.

Қарапайым тарақандардың өзі басынан айрылғанда тоғыз күн өмір сүруге бар. Бір қызығы ол қарапайым аш қалғандықтан өледі. Мұның жанында әлдеқайда мықты келетін кененің қауіптілігі де аса жоғары келеді. Ауыл тұрғындары мал ұстағанымен, қала тұрғындары үй-жануарларын ұстауға әуес екені белгілі. Сондықтан, қауіп деңгейі тең түседі.


Айдос Мырзахметов

Следующая →