Усть-Каменогорск
пасмурно
-10°
  • Усть-Каменогорск
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Нур-Султан (Астана)
    -6°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +10°
  • Атырау
    +3°
  • Караганда
    -8°
  • Кокшетау
    -6°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Уральск
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Бородулиха ауданының әкімі есеп берді

Бородулиха ауданы 1944 жылы құрылған болатын. Қазір бұл ауданда 36 мыңнан астам азамат мекен етеді. Шығыстың шалғайында жатқан бұл аудан Ресей Федерациясымен шекаралас орналасқан

Бородулиха ауданының әкімі Григорий Акулов жергілікті БАҚ өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізді. Аталмыш шара барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы деректер айтылды.

- 2017 жылдың 1 сәуіріне қараған күні аудан бюджеті барлығы 981 миллион теңгені құрады, - дейді Григорий Акулов. - Бородулиха ауданының агроөнеркәсіптік өңірге жататыны белгілі. 2017жылдың қаңтар-ақпан айларында ауылшаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 1777 млн теңгені құрады.

Ауданда «Новая Заря» КШ мен заманауи сүт өндіру кешенін салу жоспарланған. 4 шаруашылықта сүт тауарлары фермаларын қайта жөндеуден өткен. Ауданда 9 сүт қабылдау бекеттері орналасқан. 2016 жылы жергілікті халықтан 2088 тонна сүт қабылданған. Ағымдағы жылдың 3 айында 800 тонна сүт қабылданған.

2016 жыл мен 2017 жылдың бірінші тоқсанында «Жол картасы» бағдарламасымен мал өсіруге 15 микрокредит берілді, - дейді Григорий Иосифович. - Оның құны 36,6 млн теңгені құрады.
Ауданда 1 лицей, 24 орта мектеп, 5 мектепке дейінгі білім беру орындары бар. Балаларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету 10 пайызға қамтылған.

- Оқу мекемелері жоқ жерлерде балаларды тасымалдау арқылы жеткізіледі, - дейді аудан басшысы. - Яғни, шалғай өңірден 861 баланы тасымалдау қолға алынаған.

Дос Сапар
Следующая →