Былай тартсаң арба сынады, олай тартсаң өгіз өледі
Қысты күні жол тазалығы машақаты таусылмаса, қар ерісімен тас жолдың жарасы ашыла бастайды
Барлығы алма-кезек. Қысқы жол тайғақ болғанымен, тегіс жол табиғи тұрғыдан қамтамасыз етіледі. Басқаша айтар болсақ, жол-көлік оқиғаларының алдын алу тек жүргізушінің ептілігіне байланысты. Ал жазда ше?
Көктем келісімен, жолдың айқыш-ұйқыш шұңқырлары көріне бастайды. Жүргізушілер де дөңгелектің қозғалмалы бөлігін сақтаймын деп «мыңшұңқыр орамалдай» жол үстін шыр көбелек айналады. Әсіресе соңғы кездері Понтон көпірінен Ахмер ауылына бағыт алар жолдың күйі күңірентетін болып жүр.
- Понтон көпірінен кейін басталатын Тоғас жолындағы шұңқырлар үлкейіп келеді, - дейді Өскемен қаласының тұрғыны Досжан Тохтаров. - Иә, жолдардың бойындағы шұңқырларға байланысты біраз жол жүру ережесі бұзылады. Әсіресе кешке жақын көлік қатынасы жиілеп кеткенде, шұңқырды айналамын деп қарсы қозғалып келе жатқан көлікке жанасуға тура келеді. «Тікенектен қорқып, шоқ басатын күннен» қорқасың...
Өскемен қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі хабарлағандай, жол жамылғысын бұзатын факторлар көктемгі жауын-шашын, еріген қар сулары, ауыр салмақты жүк көліктерінің қозғалысы, көлік құралдарының дөңгелектерінің мерзімінде ауыспауы болып табылады.
- Қауіпті жолдарды айтатын болсақ Өскемен қаласынан Семейге шығар жолда қауіпті шұңқыр бар, - дейді Досжан Тохтаров сөзін жалғап. - «Қабанбай батыр» ескерткішінің жанындағы шұңқыр дөң үстінде орналасқан.
Шынымен, шұңқырды басып өте алмайсың, себебі айтарлықтай терең. Ал айналып өтейін десең, қарсы жолаққа шығасың. Дөңнің артынан көлік келе жатпағанына сенімді болу қиын.
- Өскемен қаласынан Семей қаласына шыға беріс автомобиль жолындағы Қабанбай батыр ескерткішінің маңындағы жолда шұңқыр көлік қозғалысына кедергі келтірмейтіндей етіп, жол жамылғысын жамау жұмыстары жүргізілді, - дейді Өскемен қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Асқар Жақсылықов. - Тоғас көшесінің автомобиль жолының жағдайы бойынша ағымдағы жылы Лопатина аралы аймағындағы Ертіс өзені арқылы өтетін көпірден бастап, Ахмер ауылына дейінгі автомобиль жолын қайта жаңғырту жобасы әзірленіп, Тоғас көшесіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Жалпы, биыл бірқатар жолдар едәуір жөндеуден өтетін көрінеді. Қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары бөлімінің хабарлауынша Революционная, Рижская, Пермитина, Грейдерная көшелерінде орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
- Ағымдағы жылы Өскемен қаласында Винное ауылына қарай бағытталған жол қала шегіне дейін, Абай даңғылы мен Интернациональная көшесінің қиылысын, ЖҚС-тан ҮМЗ АҚ аумағындағы теміржол өткеліне дейін Абай даңғылын, ҮМЗ АҚ аумағындағы теміржол өткелінен Колхозная көшесіне дейін Абай даңғылын, Валентина сауда үйінен Бипек Авто бұрылысына дейінгі Тәуелсіздік даңғылын, Согринская көшесін учаскелермен, Скалистая көшесін, Орджонокидзе көшесін Қабанбай батыр көшесінің қиылысына дейін Қазақстан көшесін жөндеу жоспарлап отырмыз, - дейді бөлім басшысы Асқар Жақсылықов.
Бөлім басшылығы қыс маусымы аяқталысымен қала көшелерінің автомобиль жолдарының жүру бөліктерінде шұңқырлар пайда болатынын ескере отырып, жыл сайын міндетті түрде жол жамылғысын жамау жұмыстары белгілі бір жол учаскелерінде жүргізілетінін хабарлайды.
Следующая →