Мал иесін жауапқа тарту талап етілді
Төрт түлік малдың пойыз жолына шығуы, пойызбен соқтығысуы пойызды рельстен тайдырып жібере де алады
Сол себепті көлік прокуратурасы малшы мен мал иесін жауапқа тартуға шақырады.
Теміржол қарауына алынған жерлерде малдардың жайылымын ұйымдастыруға болмайды. Дегенмен, бұл аймақтарда төрт түлік мал жайылып, пойыздың жүрісіне кедергі келтіріп отырады. Осыған орай, транспорттық прокуратура мамандары мал иесін немесе малшы жауапқа тарту мәселесін көтерді.
- 2014 жылы пойыз астына түскен малдардың иелері 100 пайыз жауапқа тартылса, қазіргі кездегі құжаттарды қарап, жауапты тұлғалар табылмай отырғанын көреміз. Әр малдың құлағына чиптелген биркалар тағылады. Неге сол чиптер арқылы малдардың иесін іздемеске, - деп ұсынды ШҚ көлік прокуроры Рестем Токбергенов.
Расымен, Серебрянка, Бұқтырма, Ермаковка, ДТЖ аймақтарында пойыздың малдарға соқтығысуы жиі болады екен.
- Қазіргі кезде малдар өз еріктерімен жайылады. Пойыз жүргізушісі соқтығыстан кейін қағылған малдың чипіндегі нөмірін жазып жүрер уақыты болмайды. Олар бірден қозғалыстарын жалғастырады, - деп түсіндірді Защита станциясындағы желілік ішкі істер бөлімінің орынбасары Дәурен Тоқтаров.
Мал құлағына тағылатын биркалар жергілікті ветеринарда тіркелген және ол арқылы мал иесін табуға болады. Егер ондай тіркеулер жүргізілмесе, көлік прокуратурасының прокуроры әкімдердің атына ұсыныс жазу керектігін де ескерді.
Жол ережесіне сәйкес малшы азамат та жүргізуші болып табылады. Сондықтан ең бірінші жауапкершілікке малшы тартылуы керек. Егер ол табылмаса, онда мал құлағында бирка арқылы малдың иесін тауып, жауапқа тарту қажеттілігі де айтылды.
Сонымен қатар, жергілікті әкімдік теміржол аймағында малдардың жайылуына жол бермейтін арнайы бағаналарды да орнатуы керек екен. Әзірге мұндай жұмыстар тек Ұлан ауданында белсенді қолға алынған көрінеді.
Следующая →