Усть-Каменогорск
ясно
-12°
  • Усть-Каменогорск
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Нур-Султан (Астана)
    -3°
  • Актобе
    -3°
  • Форт-Шевченко
    +8°
  • Атырау
    -2°
  • Караганда
    -4°
  • Кокшетау
    -6°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Уральск
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Семейде тасымалдаушылар әлегі әлі аяқталған жоқ

Семей қаласында №18 маршруттың тасымалдаушылары жолдың қолайсыздығын сылтауратып жұмысқа шықпай қойды

8 сәуір күні бір қатар әлеуметтік желілерде №18 жолаушылар тасымалдау көлігі өз бағытын тоқтатып, «ереуіл» жариялады деген ақпарат шықты.  

Бұл жағдайды анықтау үшін орын алған мекенжайға Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшылығы мен аталған жолаушылар тасымалдау бағытына жауапты «Таксомоторлы парк» ЖШС-нің өкілдері болып қайтты. Нәтижесінде  8 тасымалдаушы көліктің рейске шықпай қалғаны анықталды. 

- Жол бағытына шықпаған 8 бірдей жолаушы тасымалдау көлігі Семей қаласының «Таксомоторлы парк» ЖШС-не қарасты қосалқы мердігер ретінде қызмет атқаратын жеке кәсіпкерлер болып шықты, - деді Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Жеке кәсіпкерлердің заңсыз әрекеттерін негізге ала отырып және келісімшарт талаптарын орындамағаны үшін «Таксомоторлы парк» ЖШС-нің №18 бағытта қызмет көрсеткен 8 автобустың иелерімен келісімшарт тоқтатылды.

- Қалыптасқан жағдайды тұрақтандыру мақсатында басқа жеке кәсіпкерлер тартылып, қазіргі таңда аталған бағытта 7 бірлік автобустар қызмет көрсетуде, - деп түсіндірді баспасөз қызметінде. 
Автобустардың желіге шықпауының басты себебі Би Боранбай көшесі жолының қанағаттанарлықсыз жағдайымен байланысты болды. Қала әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі қазіргі таңда жолды қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастырды. Уақытша жұмыстар толық аяқталғанға дейін №18 маршрут Глинка көшесімен қатынайды. Тиісті жұмыстар аяқталғаннан кейін бекітілген кестемен жүретін болады.

Айта кету керек, 2017 жылдың жөндеуден өтуге тиіс көшелерінің тізіміне Би Боранбай көшесі қосылған және биыл қала жолдарын жөндеуге 200 млн теңге қарастырылған. Бұл сома былтырғы жылмен салыстырғанда екі есеге артып отыр.
Следующая →