Усть-Каменогорск
ясно
-12°
  • Усть-Каменогорск
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Нур-Султан (Астана)
    -3°
  • Актобе
    -3°
  • Форт-Шевченко
    +8°
  • Атырау
    -2°
  • Караганда
    -4°
  • Кокшетау
    -6°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Уральск
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Ертіс өзені арнасынан асып, кей жолдарды шайып кеткен

Әсіресе, Бесқарағай ауданын шайып өтетін Ертіс өзені жуықта арнасынан асып кетіп, кей жолдарды шайып кеткен

- Біздің аудан арқылы Ертіс өзенінің 151 километрі ағып өтеді. Сонымен қатар биылғы қардың көлемі де жылдағыдан үш есеге артық болды, - дейді Бесқарағай ауданы әкімінің міндетін атқарушы Ерболат Рахметуллин. - Ең бастысы биыл ылғалды қар көп жауды. Қардың құрғақ, орта деңгейдегі ылғалды және ылғалды түрлері бар. Міне, биыл ылғалдылығы 73 пайыз судан тұратын қар қалың жауды. Бұл қардың өзі де үшжылдық көрсеткішпен тең. 

Қыс көлемінде қар шығарып, тазалап бақтық және оң нәтижелерін де көрдік. Бірақ, су тасқыны дегенде ең үлкен әңгіме Ертіс өзенінен шыққан. 

- 9 сәуір күні таңғы 5 шамасында Ертіс өзені арнасынан тасып, Бірлік ауылының маңайын шайды. Мұндай жағдай тек 1995 жылы болған. Мұндай жағдайды халықтың ұмытқаны да қай заман, - дейді Ерболат Еренұлы. - Су көтеріле салысымен ескі арнасына түсті. Қуанышқа орай, Бірлік ауылына еш қауіп төнген жоқ. Көтерілген су ауылдың маңайынан асып тас жолды шайды. Қазір жолдар қалпына келтірілді. 4 сағат ішінде барлық жағдайлар бақылауға алынды. Бұл уақыт аралығында тасыған су да толастады. 

2015 жылы да осыған ұқсас жағдайлар орын алған болатын. Өзеннің беткі қабатындағы мұз кептелісінен бірқатар қиындықтар туындады. Биылғы жылы бұл жағдайлар қайталанбауы үшін жарылыс жұмыстары жүргізілуде.

Қазір ауыл тұрғындары да, атқарушы билік те кез-келген жағдайларға сақадай-сай отыр. Қауіпті жағдайларға да арнайы сарбаздар тобы құрылған. 2015 жылы нн-он бес жігіттен тұратын топ ат үстінде жүріп бірқатар көмек көрсеткен. Бесқарағай ауданы бұл тәсілдің төтенше жағдай барысында өте тиімді екеніне көз жеткізген.
Следующая →