Бұқтырма қоймасы арнасынан асуы мүмкін бе?
Аймақ басшысы Даниал Ахметов Қытайдан Ертіс өзеніне жіберілетін судың мөлшері мен көлемін анықтауды тапсырды

Фото:
редакция мұрағатынан
Естеріңізге сала кетсек, өткен жылдың маусым айында Қытай елінің Ертіс өзеніне суды көптеп жіберуінің салдарынан Бұқтырма қоймасының суға толуы қажетті деңгейден асып, облысымыздың бірқатар ауыл-аймақтары, Өскемен және Семей қалаларының кей өңірлерін су басқан болатын.
- Биыл өткен жылдың жағдайы қайталанбас үшін Су бассейні инспекциясы ҚР Ауылшаруашылық министрлігімен бірлесе отырып, Қытай елінен Бұқтырма су қоймасына қарай жіберілетін судың көлемін анықтауы қажет, - деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.
Сонымен қатар, өңір басшысы жергілікті билік өкілдеріне Шүлбі су қоймасындағы шлюзге жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін не істеу керектігін анықтауды тапсырды.
Следующая →