Бесқарағай ауданы ауылшаруашылық өнімдерін өндіруде алғашқы орында
Бесқарағай ауданы ауылшаруашылық өнімдерін өндіру бойынша облыстағы жетекші аудандардың бірі болып отыр
Бұл жайында Бесқарағай ауданы әкімінің міндетін атқарушы Ерболат Рахметуллин облыстық журналистермен кездесуі кезінде айтылды.
- Аудан экономикасындағы басты бағыт – агроөнеркәсіп кешені. Ауылшаруашылык өнімдерінің жалпы көлемі 2016 жылы шамамен 15 млрд 992 млн теңгені құрады, оның ішінде мал шаруашылығы бойынша 10 млрд теңгені қамтыса, өсімдік шаруашылығы - 5,9 млрд теңгені құрады. Бұл жөнінде біз облыста алдыңғы қатардамыз, - деді аудан әкімінің міндетін атқарушы.
Аудандағы ауыл шаруашылығы саласы жеке шаруа қожалықтары, шетелдік инвестиция мен ауыл шаруашылық кооперативтері негізінде дамытылып отырғандығы белгілі болды.
Бесқарағай ауданында агроөнеркәсіп саласында «КазАгроЭкс» АҚ, «Long Xin» ЖШС тәрізді ірі компаниялар жұмыс жасайды, оның ішінде «Long Xin» ЖШС өсімдік шаруашылығы өндірісін қолға алған инвестициялық жоба болып отыр. Аталмыш инвестициялық жоба ауданда 60 адамды тұрақты жұмыспен қамтыса, маусымдық жұмыстарға 300-дей адамды жұмысқа тарта алады. Аталмыш компанияның өнімдерін Қытайға және одан әрі Батыс Еуропа елдеріне экспорттау жолға қойылып отыр.
- Шығыс Қазақстан облысының сүт өндіру саласында зор мүмкіндіктерге ие. 2017 жылы жалпы сомасы 4,5 млрд теңгеге «Levanter» және «Технология Комфорта» ЖШС-ның 2 сүт-тауар фермасын салу жоспарлануда, - деді Ерболат Еренұлы.
Одан бөлек, ауданда 2017-2018 жылдары «Бесқарағай Агрофирмасы» ЖШС мен «Long Xin» ЖШС-мен біріге отырып, мал бордақылау алаңдарын салу мен сүт өнімдерін өңдеу цехы бар сүт қабылдау пунктері мен наубайхана ашу да көзделіп отыр.
Следующая →