Усть-Каменогорск
ясно
+18°
  • Усть-Каменогорск
    +18°
  • Алматы
    +22°
  • Нур-Султан (Астана)
    +18°
  • Актобе
    +15°
  • Форт-Шевченко
    +23°
  • Атырау
    +21°
  • Караганда
    +17°
  • Кокшетау
    +19°
  • Костанай
    +16°
  • Кызылорда
    +25°
  • Павлодар
    +21°
  • Петропавловск
    +17°
  • Тараз
    +22°
  • Уральск
    +12°
  • Шымкент
    +22°
$
467.29
+2.01
501.03
+1.83
¥
64.34
+0.24
5.35
+0.02
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

«Тілашар» атты курс өткізілуде

Үш тілді оқу заман талабы десек, оның мақсаты – бірнеше тілді меңгерген, қабілетті, мәдениетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру

Қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі – халықаралық қатынас тілі және ағылшын тілі жаһандық экономикаға табысты кірігу тілі деген болатын. Әлбетте оның ішінде қазақ тілінің алатын орны ерекше. Осыған орай мемлекеттік тілдің қызметін арттыру үшін түрлі бағдарламалар, жобалар қабылдана бастады. Нұрсұлтан Назарбаев 2020 жылға қарай мемлекеттік тілді меңгергендердің қатары 95 пайызға дейін жететін болады дегені есімізде.

Елбасымыздың саясатын қолдай отырып Ұлан ауданының тілдерді дамыту орталығының директоры Г. Абдыкаримованың басшылығымен Өскемен ауылдық округінде өзге ұлт өкілдерін мемлекеттік тіл - қазақ тілін үйретуге арналған «Тілашар» атты курс өткізіледі.

Ұйымдастырылып отырған курстың мақсаты өзге ұлт өкілдерін қазақ тілінде емін-еркін қарым-қатынас жасауға үйрету, тыңдаушылардың мемлекттік тілге деген қызығушылықтарын арттыру, заман талабына сай үштұғырлы тіл саясатын қолдау.

Ұлан ауданының тілдерді дамыту орталығының директоры Г. Абдыкаримова барлық көмегін аямайды. Сабақтар қызықты өткізілу үшін үнемі қол ұшын беруде. Тыңдаушылар сабаққа қызыға қатысады. Әрбір өткізілген сабақты ынта қойып тыңдайды.


«Ұлан ауданы тілдерді оқыту орталығы» МКҚК

Следующая →