Усть-Каменогорск
ясно
-12°
  • Усть-Каменогорск
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Нур-Султан (Астана)
    -3°
  • Актобе
    -3°
  • Форт-Шевченко
    +8°
  • Атырау
    -2°
  • Караганда
    -4°
  • Кокшетау
    -6°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Уральск
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Жас өнертапқыштар көрмесі өтті

Семейде «ЕХРО-2017 балалар көзімен» атты балалардың техникалық шығармашылық көрме-байқауы ашылды

Онда оқушылар жасыл технологияны пайдалануға мүмкіндік беретін жүзге жуық қуат үнемдеуші жобалар мен техникалық конструкцияларды ұсынды. Осындай жобалардың арасында су күші мұнарасының көмегімен ешқандай қуаттың көмегінсіз жұмыс істейтін фонтан да бар. Яғни, тұйық су жіберу жүйесі бір мөлшерлі сұйықтықты бірнеше рет пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл су шығынын айтарлықтай азайтады.


Ал Шәкәрім атындағы гимназия оқушылары энергияны бақылайтын өнертабыс ойлап тапқан. Бұл модель күн батареясына күннің соңынан шығыстан батысқа қарай қозғалуына мүмкіндік береді. Соның арқасында батарея 40%-ға артық қуат алып, нәтижелі жұмыс істейтін болады. 


Ең қызығы осындай өнертабыстар арасында ортасына таба қойылған жылтыр қолшатыр елдің ерекше назарына ілікті. Бұл шын мәнінде коллектор типті күн пеші екен.

- Қарапайым қолшатырды негіз етіп алдық. Бұл форманың көшірмесін жасай отырып, парабола формалы тостақ жиып, оны күн шағылыстыратын материалмен қаптадық. Модельдің жұмыс істеу принципі өте қарапайым. Күн жарығы қолшатыр жапырақшаларына әсер етіп, нәтижесінде белгілі бір орынға бағытталатын сәуле пайда болады. Біз ол жерге таба орналастырып қойдық, - дейді Чернышевский атындағы №1 мектептің 7-сынып оқушысы Владислав Дядов.

Күн пешін жасаушылардың бірі - Асылбек Алдашов тәжірибе жасау барысында конструкцияны балконға қойып, табаға жұмыртқа жарып, оның 12 минут ішінде дайын болғанын айтады.

- Бұл пеште су қайнатуға да болады, - дейді жас өнертапқыш. - Мәселен, бір сағаттың ішінде мөлдір ыдыстағы су +46°С-қа, ал қошқыл материалдағы су +61°С-қа дейін ысиды.

Айта кеткен жөн, өнертапқыштардың бірі - Ильяс Орынбасаров электрэнергетикалық кешені үшін марапат ретінде Лондонға жолдама алды.


Следующая →