Табиғаттың өзі тасқынның алдын алуда
Шығыс Қазақстанның құбылмалы ауа райы күтпеген жерден мінезін көрсетуге бар. Облыс тұрғындарына бұл бірнеше жылдық тәжірибеден аян болып келді. Биылғы жылы, жағдай мүлдем бөлек
Табиғаттың өзі болжанған тасқынды толастатқан сыңайлы. Бұл туралы Өскемен қаласының әкімі қала төңірегінде өткізген рейд барысында баяндап өтті.
Биылғы қыс наурыз аяғына дейін жалғасса да, Үлбі өзенінің бойындағы жағалауды бекіту, арықтар мен су жолдарын тазарту жұмыстары тоқтамады. Қала төңірегіндегі қауіпті өңірлерді аралау барысында, көктемгі тасқын ықтималды болатын өңірлердегі жұмыстар тексерілді.
- Былтырғы жылы Согра ауылының Үлбі жағасындағы Гражданская және Городской көшелерінің бойындағы жеке меншік секторларын су басу қауіпі төнген болатын, - дейді Өскемен қаласының әкімі Ерлан Аймұқашев. - Сондықтан мұнда топырақ тасып, жағалауды төрт метрге биіктеттік. Енді су басу қауіпі туралы айтпаса да болады.
Қала әкімінің айтуынша, болашақта Үлбінің арнасынан аспауы үшін, оны жеке меншік секторлар орналасқан қала төңірегінен бұру мүмкіндіктері қаралып жатқан көрінеді.
- Қазір барлық ықтималды қауіпті өңірлерді бақылаудамыз. Барлық өңірге арнайы постар қойылып, төніп келе жатқан қауіп бірден хабарланып, жедел алдын алу шараларын өткіземіз, - дейді Ерлан Аймұқашев. - Мысалы, жуықта Ахмер ауылында болған жағдайды айта кетуге болады. Күндіз орын алған жағдай, біраз уақыт ішінде ғана қалыпқа келтірілді. Сол сияқты былтыр орын алған жерлер де бақылауда.
Биылғы қар күтпеген жерден тез ери бастағандықтан, оны сорғызу жұмыстары қатар жүруде. Қала әкімі биылғы қыстың бұл жағдайда тигізген септігі туралы да айта кетті.
Былтырғы ерте жауған қар жерді тың сақтады, - дейді Ерлан Қапарұлы. - Міне, сондықтан жұмсақ жерге еріген су тез сіңіп жатыр. Сондықтан табиғаттың да бұл жерде септігін тигізіп жатқанын айта кету керек.
Қала әкімдігі су жолдары мен қала арықтарын қоқыстан былтыр күзде тазалап қойған. Сондықтан биыл екі-үш жылда өтетін арықтарды тереңдету жұмыстары жүргізілген.
Ерлан Қапарұлы кейбір тұрғындардың су жолдарына қоқыс лақтырып тастайтынын ескертті. Сондықтан кей көпірлердің құбырлары бітеліп қалып, су тежеле береді. Қуанышқа орай, соңғы жылдары тұрғындар тарапынан бұл қылық азая түскен.
Бір қызығы, қала әкімдігі апат орындарын бақылауға квадрокоптерлерді пайдаланатын болған. Су басу қауіпі төнген кезде, аталмыш құралдар су жиналып қалған жерлерді анықтап, дереу күш жұмылдыруға мүмкіндік береді екен.
Айдос Мырзахметов
Следующая →