Усть-Каменогорск
пасмурно
-10°
  • Усть-Каменогорск
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Нур-Султан (Астана)
    -6°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +10°
  • Атырау
    +3°
  • Караганда
    -8°
  • Кокшетау
    -6°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Уральск
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

ШҚО-да жол жөндеуге 3,5 млрд теңге бөлінді

Биыл республикалық маңызы бар бірқатар жолдар жөнделеді. Ол үшін 3,5 млрд теңге қаржы бөлінді

125 шақырымға созылатын «Омск-Майқапшағай» және «Өскемен – Зырян - Үлкен Нарын – Катонқарағай - Рахман бұлағы» бағытындағы жолдың 16-шақырымына қайта жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

- ҚХР Эксимбанкінен қарыз алу арқылы республикалық маңызы бар жолдардың 131 шақырымы қайта жөнделеді. Оның ішінде «Омск - Майқапшағай» жолының 9 шақырымы, «Таскескен - Бақты» жолының 20 шақырымы, «Қалбатау - Өскемен» жолының 102 шақырымы жөнделеді, - деді «ҚазАвтоЖол» ҰҚ АҚ ШҚО филиалының директоры Нұрланбек Өмірбаев.

Сонымен қатар, биыл Катонқарағай ауданындағы Рахман бұлақтарына апаратын жол, Ресей Федерациясымен шекаралас «Ауыл», «Уба» өткізу пункттері жатқан жолдар, «Өскемен - Семей» тас жолы бойындағы Жартас өзені арқылы өтетін көпірдің құрылыстары аяқталады.

- Республикалық жолдардың орта жөндеу жұмыстарына шамамен 3,5 млрд теңге бөлініп отыр. Оның ішіне Өскеменнен Семей қаласына бағытталған, Аягөзден Айғыз, Баршатасқа бағытталған, Өскеменнен Шемонаихаға, Рахман қайнарларына бағытталған жолдар кіреді, - деп қосты Нұрланбек Балықбайұлы.

Жалпы алғанда 142 мың шаршы метр жолдардың шұңқырлары жамалып, 20 мың шаршы метр жолдардың сораптары мен жоталары жөнделеді, 1 100 дана жол белгілері алмастырылып, орнатылады.

Ақерке Рағызбаева

Следующая →