Усть-Каменогорск
ясно
-10°
  • Усть-Каменогорск
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Нур-Султан (Астана)
    -7°
  • Актобе
    -4°
  • Форт-Шевченко
    +10°
  • Атырау
    +3°
  • Караганда
    -5°
  • Кокшетау
    -8°
  • Костанай
    -8°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Уральск
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Кәсіптік білім қашықтықта оқытылады

Алыс ауылдық жерлерде тұратын азаматтарға сабақтардың қолжетімді болуы үшін өңірлерде мобильді оқу орталықтары ашылады

- Алыс ауылдық жерлерде тұратын азаматтарға сабақтардың қолжетімді болуы үшін мобильді оқу орталықтары ұйымдастырылмақ. Олар Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау және Қостанай облыстарында арнайы дәрісханалары бар жылжымалы кешендер түрінде, шалғай ауылдық жерлердегі аз сыйымдылықтағы мектептер ауқымында, жұмыс берушілер мүмкіндігін пайдаланған сипатта пайда болады, - деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова.

Сонымен қатар,  2,5 жыл оқу мерзімімен колледждер ауқымында тегін кәсіби-техникалық білім беру ұйымдастырылып, бұл жерде бәрінен бұрын, мектепті аяқтаған соң оқу орнына түспеген жастар назарға алынады. Биыл техникалық және кәсіби оқуға 21 мыңнан астам жас қазақстандық ілігеді. Мемлекет, оқуға кететін шығындарды толық жауып, шәкіртақы төлейтін болады. Жол мен тұру қаражаты да өтеліп, техникалық және кәсіби білім беру нысандарында оқитындарға бір реттік ыстық тамақ беріледі.

 Сонымен қатар, колледждер, «Атамекен» ҰКП оқу орталықтары және кәсіпорындардың оқу орталықтары аясында кәсіби оқытуға арналған қысқа мерзімді курстар өткізілмек (1-ден 6 айға дейін).
Следующая →