Усть-Каменогорск
ясно
+14°
  • Усть-Каменогорск
    +14°
  • Алматы
    +19°
  • Нур-Султан (Астана)
    +8°
  • Актобе
    +15°
  • Форт-Шевченко
    +15°
  • Атырау
    +17°
  • Караганда
    +10°
  • Кокшетау
    +7°
  • Костанай
    +9°
  • Кызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +5°
  • Тараз
    +14°
  • Уральск
    +14°
  • Шымкент
    +14°
$
448.56
+0.67
478.03
+1.25
¥
61.97
+0.08
4.79
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамын атап өтті

19-23 наурыз аралығында ОВ-156/2 мекемесінде тәрбиелеу бөлімі «Наурыз» мерекесіне орай қызықты да көңілді бағдарламалар өткізді

Мекеме клубында жазасын өтеушілер арасында КВН-нен жарыстар өтті. КВН-ның негізгі тақырыбы көктемдік мейрам «Наурыз». КВН ойнаған командалар әртүрлі қызықты әзілдермен көрермендердің көңілдерінен шығып, әдемі және әсем көңіл-күй сыйлады.

20 наурыз мекемеге ардагерлерден құралған «Синегорье» атты вокалдық топ концерттік бағдармасымен келді. Концерттік бағдарламаның ашылу салтанатын мекеме бастығының тәрбиелеу жұмысы жөніндегі орынбасары, әділет капитаны Т. Амантаев салтанатты түрде ашып, ардагерлерден құралған вокалдық топқа денсаулық тілеп, «Наурыз Мейрамымен» құттықтады. «Синегорье» вокалдық тобы 15 номерден тұратын өнерлерін көрсетті. Вокалдық топ концерттік бағдарламаларын орындап болғаннан соң алғыс ретінде «Наурыз Мейрамына» орай жазасын өтеушілер ардагерлерге арнап өздерінің өлеңдерін орындады. Бағдарлама соңында «Синегорье» тобының жетекшісіне домбыра мен сүрет естелікке сыйға тартылды. 

Келесі күні мекеме клубында қазақ әдебиетінің ақыны және философы Абай Құнанбаевқа арналған концерттік кеш өткізілді. Мерекелік кешке 15 жазасын өтеуші қатысып, ақынның өлең-жырларын орыс тілінде және қазақ тілінде орындады. 

 Ұлыстың ұлы күні мекеме клубында мерекелік концерт өткізілді. Концерттік бағдарламаға 12 жазасын өтеуші қатысып өнерлерін көрсетті. Сахна алдында күй шертіп, терме орындалып, халық әңдері мен өлеңдері орындалды. Мерекелік кештен кейін қабырға газетінен сайыс ұйымдастырылды. Сонымен қоса жазасын өтеушілер спорт түрлерінен  сынға түсті. 
 

Р.С. Тулеубаев, 

ОВ 156/2 мекемесі сотталғандар арасында

тәрбие жұмысы бөлімінің бастығы,

әділет капитаны

Следующая →