Усть-Каменогорск
пасмурно
+11°
  • Усть-Каменогорск
    +11°
  • Алматы
    +10°
  • Нур-Султан (Астана)
    +3°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +7°
  • Атырау
    +2°
  • Караганда
    +4°
  • Кокшетау
    +3°
  • Костанай
    +1°
  • Кызылорда
    +9°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +2°
  • Тараз
    +8°
  • Уральск
    -3°
  • Шымкент
    +7°
$
448.15
-1.43
483.46
-3.48
¥
61.99
-0.23
4.86
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын!

Ұлыстың Ұлы күні Ахмер кентінің тұрғыны, кәсіпкер Амина Сагнаева «Адилия» атты мейрамханасының алдында жұртшылыққа дастархан жайды

- Бүгін мен ертесімен шаруаларыммен Семей қаласына жолға шығып бара жатыр едім, үйден көже ішіп үлгермедім. Жаңа өтіп бара жатып жиналған халықты көріп аялдап, бауырсақ жеп, наурыз көже ішіп, мерекенің дәмін сезіп жатырмын. Осындай тамаша дәстүрді жалғастырып отырған Әмина апайға алғысымды білдіргім келеді. Бүгінде кәсіпкерлер көп, дегенмен барлығы бірдей осындай дәстүрлерімізді ұлықтап, салт-дәстүрімізді құрметтеп жүр деп айта алмаймын, - деді қала тұрғыны Болат Мұқтарханов.


Көжеден дәм татуға жиналған халықтың қарасы түс ауғанша толастамады, барлығы дерлік мерекелік дастарханнан ауыз тиіп, дастархан иесіне тілек-ниеттерін, баталарын жаудырып жатты.


- Наурыз - әлем халықтары арасындағы ежелгі және жылдың жаңаруын алғаш әйгілеп, адамзатқа дәстүрлеген бірден бір әуелгі мереке. Бұл дәстүрдің аталуы мен «Наурыз» сөзінің таралу аумағына қарағанда, оның адамзаттық жыл мерекесі екенін мойындауға тура келеді. Қаншама қысымшылық көрсетілсе де ұлттық мерекемізді ата-бабаларымыз сақтап қалды. Бұл мейрамда ағайын арасында кірбің болатын болса, оның бәрін ұмытып, болашаққа әділ көңілмен, жақсы үмітпен қарайтын кез. Сондықтан бір-бірімізге жақсылық, береке тілейік. Отанымыз өсіп-өркендей берсін, - деген тілегін жеткізді Әмина Сагнаева.


Қазақта жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын деген жақсы сөз бар. Ендеше біз, ата-баба салтын құрметтеп, халқына ізет білдіре білетін жүрегі мейірімге толы жандар көбейе берсін деген тілек білдіргіміз келеді.

Следующая →