Усть-Каменогорск
ясно
+1°
  • Усть-Каменогорск
    +1°
  • Алматы
    +8°
  • Нур-Султан (Астана)
    +6°
  • Актобе
    +11°
  • Форт-Шевченко
    +13°
  • Атырау
    +14°
  • Караганда
    +3°
  • Кокшетау
    +9°
  • Костанай
    +11°
  • Кызылорда
    +11°
  • Павлодар
    +5°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +11°
  • Уральск
    +13°
  • Шымкент
    +15°
$
447.89
-0.52
476.78
-4.27
¥
61.89
-0.07
4.79
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

БЖЗҚ-да ашық есік күдері өтеді

2017 жылы 31 наурызда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының барлық филиалдарында «Зейнетақы жүйесі қалай құрылды» тақырыбында ашық есік күні өтеді

- Зейнетақы қорының есігі барлығына әрдайым ашық екендігін ерекше атап өткім келеді. Қазір біз зейнетақы жүйесі әрбір адамға түсінікті болу үшін еңбек етудеміз. Яғни кез келген қазақстандық азамат мектеп қабырғасынан бастап зейнетақы жөнінде түсінік қалыптастырып, келешекте лайықты қарттықты қамтамасыз ету мәселесіне байыппен қарауы қажет, - деді Шығыс-Қазақстан облыстық филиалының директоры Дмитрий Богомолов.

Қор міндеттерінің бірі – жұмыс ашықтығы мен айқындылығын арттыру. Сондықтан да біз қоғамға Қордың зейнетақы жүйесіндегі атқаратын қызметі туралы айтып, халықпен тығыз байланыс орнатқымыз келеді.

Сондай-ақ біз жинақтаушы зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің сенімді операторы ретінде зейнетақы қорына деген сенім қалыптастырып, зейнетақы жинақтарының қаржы-экономикалық толқулардан қорғайтын сенімді механизмі барын және мемлекеттің зейнетақы жинақтарына кепілдік беретінін көрсеткіміз келеді.

Ашық есік күні кеңсеге келе отырып өзінің болашақ зейнетақысы неге байланысты екендігі, оның құрылуын қалай бақылау және оны қалай ұлғайту керектігі жайында біле алады.

Мұндай іс-шараларды өткізе отырып біз зейнетақы заңнамасы аясында халыққа базалық білім беріп, елімізде зейнетақы жүйесінің алатын орны мен қызметі туралы дұрыс түсінік қалыптастырғымыз келеді.

- Қазірше Ашық есік күнін үш айда бір рет өткізуді жоспарлап отырмыз және ол түрлі тақырыптарға арналатын болады. Болашақта бұл кездесулер халық тарапынан қолдау тауып жатса, жиі өткізу мүмкіндігі де жоқ емес, - Дмитрий Богомолов.

Ашық есік күніне келемдеушілерді БЗЖҚ мамандары 31 наурыз күні сағат 10:00-де Өскемен қаласы Крылов көшесі 70 үй мекенжайы бойынша күтеді.  

Следующая →