Усть-Каменогорск
облачно
+2°
  • Усть-Каменогорск
    +2°
  • Алматы
    +6°
  • Нур-Султан (Астана)
    +2°
  • Актобе
    +3°
  • Форт-Шевченко
    +11°
  • Атырау
    +7°
  • Караганда
    +1°
  • Кокшетау
    +2°
  • Костанай
    +2°
  • Кызылорда
    +9°
  • Павлодар
    +1°
  • Петропавловск
    +1°
  • Тараз
    +6°
  • Уральск
    +6°
  • Шымкент
    +7°
$
491.7
+3.89
531.28
+3.66
¥
68.9
+0.46
5.07
+0.05
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Бизнес және сауаттылық

<p align="justify">      Қайда аяқ бассаң да жарнама. Жазулар, сызбалар және суреттер. Жарнамасыз бизнес жоқ шығар. Бірақ кейбір жарнамаға қарасаң еріксіз қабақ шытасың </p>

- Көптеген жарнамаларда қателер кездесіп жатады. «Тіл туралы» Заңның 21-ші бабында «Көрнекі ақпараттардың орналасу тәртібі ғана көрсетілген, - дейді Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ономастикалық жұмыс және талдау бөлімінің басшысы Роза Төлемісова. - Яғни, кез-келген нысанның маңдайшасы, жарнамалардың барлығы екі тілде болуы керек. Тәртіп бойынша бірінші қазақ тілінде, екінші орыс тілінде және жарнаманы жазғанда сол жағында қазақша, оң жағында орысша жазылуға тиісті. Бұл «Тіл туралы» Заңда анық айтылған.

Айлық аясында Потанин көшесінде орналасқан «Чародейка» шаштаразының жарнамасындағы қызмет түрлері тек орысша жазылғаны анықталған. Шаштараз қызметкерлеріне ескерту айтылған жерде, бұл жарнама мекеме иесімен алынып тасталды.

- Басқа да грамматикалық, стилистикалық қателіктер бар. Заң бойынша біз оларға барып, ескертіп айтамыз, - дейді Роза Әшімханқызы. - Дұрыс түсіну керек, бұл тексеру емес. Анығын айтқанда әдістемелік көмек болып табылады. Қазір бір ай көлемінде, облыс бойынша «Қате жарнамаға жол жоқ» деген айлық өтіп жатыр.

Облыс бойынша екі аптаның ішінде 200 нысан қамтылған. Қорытынды бойынша барлығы 375 нысан қамтылды. Жалпы осылардың ішінде 50 мекемеден стилистикалық, грамматикалық қателіктер табылған.

- Арасында қателерін түзегендер де бар. Қалғандары жарнама агенттіктерінде кезекте тұр, - дейді Роза Төлемісова. - Бір ай ішінде табылған қателіктерден кейін нысандар агенттікке тапсырыс берген. «Үш жұма ішінде неге қателік түзетілмеді?» деген сұрағымызға тапсырыс берілгенін, кезек күтіп отырғандарын айтты.

Роза Төлемісованың айтуынша, «Құқықтарыңыз жоқ. Тексерер болсаңыздар арнайы қағаздарыңды көрсетіңдер деп шығатындар» да бар көрінеді. Олардың бұл әрекеттері дұрыс. Себебі тексеру болса, міндетті түрде прокуратураға тіркелген әр мекемеге құжатымыз болуы керек.


Следующая →