Усть-Каменогорск
малооблачно
-13°
  • Усть-Каменогорск
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Нур-Султан (Астана)
    -6°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +8°
  • Атырау
    +1°
  • Караганда
    -3°
  • Кокшетау
    -9°
  • Костанай
    -7°
  • Кызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Уральск
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Ел игілігіне жақсы бастама қолдау тапты

Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі болғандықтан,  қазіргі таңда азаматтар қол ұшын беруге еш аянар емес

Ағымдағы жылы наурыз айының он жетісінде Катонқарағай ауданының орталығы Үлкен Нарында алғашқылардың бірі болып, қайрымды азаматтардың басын қосқан Катонқарағай ауданының әкімі Ахметқали Ахашұлының қолдауымен Инвест-форум өтті. Аталмыш форумда кәсіпкерлермен жалпы сомасы 1 миллиард 200 миллион теңгені құраған 50 меморандумға қол қойылды.


Форум басында сөз алған аудан басшысы - Елбасымыз кәсіпкерлердің форумында кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігі туралы тапсырма бере келіп «Қазір кәсіпкерлер аяғынан тұрды, енді олар елге қарай бет бұруы керек. Табыс тауып, пайда көріп отырған кәсіпкерлер туған жерлеріне барып, ауылдастарымен, оқушылармен кездесіп, өзінің осы жерден білім және тәрбие алып, қатарға қосылғанын көрсетулері қажет. Бұл кейінгі жас ұрпаққа ой салады, жақсы оқып, азамат болуға талпындырады. Сондай-ақ, патриоттыққа тәрбиелейді, туған жерге деген сүйіспеншілік сезімін оятады» деген еді. Туып-өскен жерге деген перзенттік парыз - туған жерімізді көркейту, жаңа жобаларды қаржыландыру, өздеріңізге табыс тауып, ауданның әл-ауқатын көтеру арқылы өтелетініне назар аударды.


Кәсіпкерлердің назарына туризмді дамытуға арналған инвестициялық жобалар аясында, тау шаңғысы базасының немесе аңшылық үйдің құрлысына арналған, Катонқарағай ауылының шығыс бөлігінде үш гектар жер телім ұсынылды. Сондай-ақ, дәл осындай жеті гектар жерге Барлық, Коробиха ауылдарының маңында қонақ үй, демалу орны немесе санаторий салуға арналған жобалар назардан тыс қалмады. Көптеген жобалар кәсіпкерлерге ұсынылып, шара соңында қолдау тауып, меморандумға қол қойылды.


Инвестфорум аясында Алматы және Шымкент қалаларындағы оншақты меншікті балабақшалардың иесі, Аршаты ауылының тумасы Ғани Шаймарданов Приморск ауылында балаларды сауықтыру лагері жобасын жүзеге асыруға ниет білдіріп, аудан әкімі А. Нұрғожинмен меморандумға қол қойды.


Балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске атсалысу әрбір адамның азаматтық парызы болуы тиіс. Осындай мақсатты алға ұстаған осы ауданның тұрғыны, жеке кәсіпкер Ғани Шаймарданов өз қаражаты есебінен 2018 жылы «Балаларды қорғау күні» қарсаңында, ауыл балаларына арналған сауықтыру лагерін ашуды жоспарлауда. Салауатты өмір салтын сақтауға және бақытты балалық шақты көңілді өткізуге арналған орын жасөспірімдерге серуен құрып, бой жазуға мүмкіндік тудыратыны сөзсіз.


- Мұндай акциялар арқылы біз туған жеріміздің көркін ашып қана қоймай, балаларымыз жақсы оқып, ата-аналары мен мемлекеттің үмітін ақтайтын салауатты және білімді ұрпақ тәрбиелеу мақсатында сауықтыру лагерін ашуды жөн санадық. Аталмыш форум игі бастама деп есептеймін, қолдау тауып, жыл сайын өтіп, дәстүрге айналса, нұр үстіне нұр болары хақ,-деді Ғани Шаймарданов.


Күн Шығыстан шыққандай, барлық игі бастамалар да Шығыстан бастау алатыны ақиқат. Катонқарағай ауданының тұрғындары кіндік қаны тамған, балалық шақтары өткен, бойларына ең ізгі қасиеттерді дарытқан, саналарын білім нәрімен сусындатқан туып-өскен жерге деген перзенттік парыздарын орындауда. Ауыл – халық руханиятының алтын діңгегі, мәдениеттің мәйегі, дәстүрдің басталатын жері. Осыны ұмытпаған катонқарағайлықтардың бастамасы басқа өңірлерде де жалғасын тауып, қанатын жая түседі деген ойдамыз.

Следующая →