Усть-Каменогорск
малооблачно
-13°
  • Усть-Каменогорск
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Нур-Султан (Астана)
    -6°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +8°
  • Атырау
    +1°
  • Караганда
    -3°
  • Кокшетау
    -9°
  • Костанай
    -7°
  • Кызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Уральск
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Оқу үрдісіне 7 модуль әдіс-тәсілдерін енгізу

Көкпекті ауданындағы Маяковский атындағы негізгі мектепте оқушылар арасында аймақтық семинар-практикум өтті

Аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің әдістемелік жұмыс жоспарына сәйкес, педагогикалық үрдісте инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу арқылы педагогтердің шығармашылық қабілеттерін жан-жақты дамуына мүмкіндік жасау және педагогикалық біліктілік дағдыларын көтеру, іс-тәжірибе алмасу мақсатында Маяковский атындағы негізгі мектепте 2017 жылдың 10 наурызында «Оқу үрдісіне 7 модуль әдіс-тәсілдерін енгізу» тақырыбына аудандық семинар-практикум ұйымдастырылды. Семинарда қазақ, орыс, ағылшын тілдері және биология пәндерінің мұғалімдері өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ж.Н.Жумагулова «Avisit to the cloctor» тақырыбына 9 сыныпта, 3 сыныпта қазақ тілінің маманы Г.Ж. Жумаканова «Етістікті қайталау» тақырыбына өткен ашық сабақтарда 7 модульді тиімді қолдану жолдарын көрсетті. Бастауыш сынып мұғалімі Г.Ж. Нуртазинаның 1 сыныпта өткізген сабағынан оқушылардың 7 модуль бойынша дағдыларының бар екені анық байқалды. Семинарға қатысушылар шағын жинақталған мектеп жағдайында біріктірілген сыныпта сабақ беруде 7 модульді қолдану бойынша қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі С.Б. Алимбаеваның шеберлігін сынады. Орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі А.К. Кумарова аудиоматериал қолдана отыра «Домашние животные и птицы» тақырыбын оқушыларға толық меңгерте білді. Биология пәнінің мұғалімі Р.М.Бекмухаметов жас маман болса да өзі таңдаған мамандығын жақсы игергенін, тәлімгері Г.Т. Саржановадан оқып-үйренген 7 модульді кезең-кезеңімен қолдана біліп, «Астық тұқымдастар. Гүлі мен жемісінің құрылысы» тақырыбына өте қызықты ашық сабақ көрсетті.

Пән мұғалімдерінің еңбектері аталып өтіліп, қатысушылар іс жүзінде 7 модульді қолданудың әдіс-тәсілдерін көрсеткен Маяковский атындағы негізгі мектеп мұғалімдеріне шығармашылық табыс тілеп, семинар жұмысына оң баға берді.

Білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі

Следующая →