Усть-Каменогорск
ясно
-10°
  • Усть-Каменогорск
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Нур-Султан (Астана)
    -7°
  • Актобе
    -4°
  • Форт-Шевченко
    +10°
  • Атырау
    +3°
  • Караганда
    -5°
  • Кокшетау
    -8°
  • Костанай
    -8°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Уральск
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

ШҚМУ-да дүбүрлі ақындар айтысы өтті

Теңдікпен тұрақтылықты келелі сөзбен кестелеген өнер бәйгесіне С. Аманжолов атындағы ШҚМУ студенттері мен университет түлектері қатысты

Сөз қадірін өз қадірім деп түсінетін бұл додалы айтыстың әділ бағасын берер әділ қазылар мүшелері  ф. ғ. к, профессор, аға оқытушы  Сләмбек  Қалибекұлы, «Ақиық ақындар» орталығының жетекшісі Гүлнұр Бұлқашын және «Шабыт ақындар» орталығының жетекшісі Қызырбек Дүркінбайұлы сынды қазылар төрағалық етті.

Айтыстың көркін қыздырар дода жүйріктері  Тілек Мұрат, Аян Қалымбек, Естай Жанабай, Жұлдызай Маратбекова, Елдос Досжан, Айзат Серік және университет түлегі Қуаныш Еркін қатысты.

Доданың екінші кезеңінде Тасқын мен Жұлдызайдың айтысы биік деңгейде өтті. Қыз бен жігіт айтысының нағыз классикалық үлгісін көрсетті. Университет түлегі Қуанышта өзінің суырып салма сөз зергері екенінін танытып, әдемі әзілімен тыңдармандардың ықыласына бөленді.  

Кіл жүйріктің арасынан ең үздігін анықтауда онай болмады. Дегенмен сайыстын аты сайыс. Бас бәйгені «Журналистика» мамандығының 2 курс студенті Тасқын Болатұлы қанжығаға байлады. Ал екінші орынды Еркін Қуаныш пен Айзат Серік иеленсе, үшінші орынды Жұлдызай Маратбекова мен Аян Қалымбек жүлделі орындарды жеңіп алды.

- Мен құрбы-құрдас, аға-әпкелеріммен айтысқанда оларды қарсыласым демеймін жалпыласым деп айтамын. Өйткені бұл ақындармен жанымыз егіз. Ал бұл додада Қуаныш және Жұлдызаймен айтыстым. Екеуіде тегеурінді қарсылас. Соңғы сәтке дейін кім жеңерін білген жоқпын. Ол екеуі де бірінші орынға лайық. Үлкенге құрмет, кішіге ізет демекші Қуаныш маған жолын бергендей болды, - дейді бас жүлде иегері Тасқын Болатұлы.
Следующая →