Усть-Каменогорск
пасмурно
-19°
  • Усть-Каменогорск
    -19°
  • Семей
    -21°
  • Алматы
    -4°
  • Риддер
    -20°
  • Астана
    -27°
  • Актобе
    -20°
  • Актау
    -1°
  • Атырау
    -5°
  • Караганда
    -24°
  • Кокшетау
    -30°
  • Костанай
    -23°
  • Кызылорда
    -4°
  • Павлодар
    -28°
  • Петропавловск
    -32°
  • Тараз
    -2°
  • Туркестан
    +2°
  • Уральск
    -18°
  • Шымкент
    +5°
$
497.33
+2.67
586.7
+4.83
¥
71.99
+0.38
6.48
+0.05
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Қазақ-түрік лицейлері Түркияға беріле ме?

Қазір «Білім-инновация лицейлері» аталатын бұрынғы қазақ-түрік лицейлері қазақстандық білім беру мекемелері болып қала бермек

Новости Казахстана / Общество в Казахстане / Қазақ-түрік лицейлері Түркияға беріле ме?
Фото:
Bilim-all
Түрік Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Невзат Уянык қазақ-түрік лицейлерінің Түркия білім министрлігіне өтетіндін мәлімдеген болатын. Алайда, ҚР Білім және ғылым министрлігі бұл мәлімдемені ресми түрде жоққа шығарды. 

- ҚР Білім және ғылым министрлігі «Білім-инновация лицейлерінің» толықтай қазақстандық білім беру мекемелері екендігі туралы, сондай-ақ олардың өз қызметін қалыптасқан жағдайда жалғастыратыны туралы ресми мәлімдейді. Түрік Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Невзат Уяныктың 2 наурыз күні қазақ-түрік лицейлерінің (ҚТЛ) Түркияның білім министрлігі басқаруына өтетіндігі туралы айтқан болатын. ҚР Білім және ғылым министрлігі мұндай шараның болу ықтималдығының өзін ресми түрде жоққа шығаратыны туралы мәлімдейді. ҚТЛ «Білім-инновация лицейлері» болып қайта құрылып, қазақстандық білім беру стандарттары бойынша жұмыс істейді», – делінген баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде.

Яғни, министрліктің мәлімдемесіне сүйене отырып, Түркия елінің елшісі жасаған хабарламасына орай қазақстандықтарға алаңдауға еш негіз жоқ. Айта кетейік, 2016 жылы еліміздегі барлық қазақ-түрік лицейлерінің атауы «Білім-инновация лицейлері» болып қайта құрылған. 
Следующая →