Усть-Каменогорск
малооблачно
-13°
  • Усть-Каменогорск
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Нур-Султан (Астана)
    -6°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +8°
  • Атырау
    +1°
  • Караганда
    -3°
  • Кокшетау
    -9°
  • Костанай
    -7°
  • Кызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Уральск
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Көктемгі егістікті қаржыландыру басталды

Биыл көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына берілетін пайыздық мөлшерлерлемелер төмендетіледі

Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына  берілетін пайыздық мөлшерлерді азайту «Кең дала» кредиттік бағдарламаларының арқасында мүмкін болмақ. 
2017 жылы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге республикалық бюджеттен 60 млрд теңге бөлініп отыр. 

- Бөлініп отырған бұл бюджеттік қаражаттың қайтарым мерзімі қысқа - 1 желтоқсан күні несиені өтеп бітуіміз керек. Біз мұның ыңғайсыз екенін түсінеміз, сондықтан мерзімді созу мақсатында келіссөздер жүруде, бірақ бұл туралы сіздерді құлақтандырып отырмыз, - деді «КазАгро» АҚ басшысының орынбасары Айгүл Мухамадиева.

«Кең дала» бағдарламасы арқылы шаруалар несиені  үш жолмен ала алады. Біріншісі - ауылшаруашылық тауар өндірушілерді тікелей «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы қаржыландыру. Мұнда банк кепілдемесі кепілдік болады және жылдық пайыздық мөлшері 3%-ды құрайды. Банк кепілдігінің сыйақысы  4% болады. Яғни, несие алушының төлейтін жалпы пайыздық мөлшерін 7%-ға тең болады. 

- Екінші механизмнің негізі екінші деңгейлі банктерді қорландыру болып табылады. Яғни, екінші деңгейлі банктер  шаруа қожалықтарын қаржыландыру үшін  оларды  2%-дық мөлшерде қаржыландыру. Бұл жағдайда банктің айырмасы 4%-ды құрауы керек. Сонда несие алу үшін берілетін соңғы жылдық пайыздық мөлшерлеме 6%-дан аспайды, - деп түсіндірді  «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ ШҚО филиалының директоры Кирилл Альбекович.

Несие алудың үшінші жолы – несие серіктестері арқылы 4%-дық мөлшерде болады. Бұл жағдайда несие серіктестігінің қосатын пайыздық мөлшері де 4%-ды құрауы керек. Сонда несие алушының соңғы пайыздық мөлшері 84%-ға тең болмақ. 
Айта кету керек, егістік алқаптарын әртараптандыру мақсатында ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі несиелеу барысында басымдыққа ие болатын бірқатар дақылдарды белгіледі. 

- Бірінші кезекте майлы дақылдар, яғни, күнбағыс, рапс, зығыр, соя болса, екінші кезекте арпа тұр. Одан бөлек басымдыққа ие дақылдардың тізімінде қант қызылшасы, күріш, астыққа арналған жүгері, мақта, сұлы мен картоп бар. Бұл  дақылдарға 22 млрд теңге бөлінсе, 38 млрд теңге өзге де дақылдарға бөлініп отыр,  -  деп қосты Кирилл Альбекович.

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ шаруалардың өтініштерін қабылдауды бастап кетті. Өйткені егер шаруалар 1 сәуірге дейін бөлінген қаражат игерілмейтін болса, онда негізі дақылдарға бөлінген қаражаттар, өзге дақылдарға жұмсалады. 
Следующая →