Усть-Каменогорск
ясно
-12°
  • Усть-Каменогорск
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Нур-Султан (Астана)
    -3°
  • Актобе
    -3°
  • Форт-Шевченко
    +8°
  • Атырау
    -2°
  • Караганда
    -4°
  • Кокшетау
    -6°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Уральск
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Баспананы алаяқтарға алданбай қалай алуға болады?

Жылжымайтын мүлікті сатып алу барысында  айлакерлердің айласына алданып, артынан соттың табалдырығын тоздырып жүрген тұрғындарымыз аз емес

Қазіргі кезде баспананы нотариалды және нотариалды емес жолмен рәсімдеуге болады. Бұл қоғамның қойып отырған талаптары да болуы мүмкін. Өйткені баспана аламын деген жұрт пәтер іздей бастаса бірден риелтерлердің қызметіне тап болады. Ал олар көрсететін  қызметтердің ішіне пәтерді таңдаудан оны рәсімдеуге дейінгі жұмыстар кіреді.

- Пәтерді нотариустың көмегіне жүгінбей рәсімдеудің салдарынан көптеген тұрғындарымыз алданып, артынша сотқа шағымданып, кінәлі адамды таба алмай, ақшасыз, баспанасыз қалып жататындары да кездеседі. Сондықтан қарапайым халықтың құқықтарын қорғау мақсатында Бас прокуратура «ашық келісім» жүргізу мақсатында бірнеше заң жобасына өзгерістер мен толықтыруларды енгізуді ұсынып отыр, - деді Өскемен қалалық прокуратурасының бөлім басшысы Ельдар Ракишев.

 Яғни, жылжымайтын мүлікке және 500 АЕК жоғары қарыздарға қатысты барлық келісімдерді нотариус арқылы куәландыру қажет болады. 

- Жаңа өзгертулерге сәйкес нотариус сатылғалы жатқан жылжымалы мүліктің тарихын тексеретін болады. Егер оның өткенінде қандай да бір келеңсіздіктер анықталса, бұл туралы сатып алушы да, сатушы да хабардар болады, - деп түсіндірді Ельдар Тохтарханұлы.

Ал бұл өз кезегінде пәтерді сатып алушыға алданып қалмауға мүмкіндік береді. 

- Біздің тәжірибемізде бірнеше рет сатылып үлгерлен пәтерлерге заңды мұрагерлері келіп, баспана иесі ретінде соттасқан жағдайлар кездесіп жатады, - деп қосты Нотариалды палата төрағасының орынбасары Жанна Бидельманова.

Сонымен қатар, жаңа өгертулерге сәйкес нотариустардың сақтандыру сомасы өседі. Бұл баспанаға қатысты келеңсіздіктер туындаған жағдайда нотариусты жауапкершілікке тартуға және шығынды өтеуге көмектеседі. 

- Егер сіз баспананы нотариуске жүгінбей рәсімдесеңіз, ал ол пәтер сізге айлакерлермен сатылған болса, онда сіз үйсіз-күйсіз қалуыңыз мүмкін. Егер нотариусқа жүгіну арқылы рәсімдесеңіз, алдану жағдайының алдын алуға болады. Бұл айла амалдар байқаусыз өтіп кеткен жағдайдың өзінде, ертең сізге тигізілген барлық залалды нотариустан өндіріп алуға болады, - деді Ельдар Ракишев.
Следующая →