Тасқынға биыл тиянақты дайындалады
Биылғы қардың әдеттегіден көлемді жауғанына қарамастан, тасқын басу қауіпі Өскеменге төнбейді деп сендіреді қала басшылығы
«Жаздың бір күні қыстың бір айлық азығы» деген мақал бүгінгі таңда «қыстың бір күні көктемнің бір айлық қауіпсіздігі» дегенге сай болып келеді. Қала басшылығы биыл тасқын мәселесіне аса сақтықпен қарап, оның алдын алуға жылдағыдан үш есе артық қаржы бөлді.
Қаланың коммуналды шаруашылығы қар шығарып, Бражинский, Безымянный, Овечий ключ және Жуков жылғаларын қоқыс пен арам өсімдіктерден тазартуда.
- Қала тұрғындарына деген қауіп еңісті ағыстардан, қала өзені мен жылғаларындағы судың асып кетуінен туындайды. Городская, Гражданская және Пороходный қиылысынан Уборивич көшелерінің бойымен ағатын Үлбі өзені қатты тасуы мүмкін, - дейді қала әкімінің бас инспекторы Қаныш Мұқажанов. - Наурыз және сәуір айларында өзен жағасы тасты жермен бекітіледі.
Безымянный жылғасы екі үш жылда бір рет тазаланып, тереңдету жұмыстары жүргізіледі. Тазартатын уақыт та, былғы қалың қармен сай келген екен. Дегенмен, әкімнің бас инспекторының айтуынша 2010 жылмен салыстырғанда биылғы қыс әлдеқайда жеңіл болған.
- Су ағатын көпірлердің астындағы құбырлар әр қыста қатып қалады. Қабат-қабат мұзды ыстық сумен ерітіп, судың бөгеттерін қоқыстан тазартамыз, - дейді қала әкімінің бас инспекторы. - Өткен жылдары су жолынан жиһаздар да шығарылатын, жалпы қоқыстың небір түрлері кездесетін. Соңғы жылдары жылғалар әлдеқайда таза болып келеді.
Айта кету керек, қар тазалауға шамалары жетпейтін тұрғындарға көмек көрсетіледі. Қазіргі таңда қала төңірегінен 320 мың кубтан астам қар шығарылды.
Следующая →