Жанармай бағасы қашан тұрақтауы мүмкін?
Қазақстан 2019 жылдан кейін ғана өз-өзін жанармаймен толық қамтамасыз ете алады
Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев министрліктің алқа отырысында айтты.
- Мемлекет басшысы өз Жолдауында мұнай көлемін арттыруға баса назар аудару керектігін айтқан. Отандық үш мұнай өндіруші зауыт жаңартылған соң мұнай көлемі 2019 жылдан соң 14,5-тен 17,6 млн тоннаға дейін артады деп күтілуде. Түсті мұнай өнімдері – жанармай, дизельді отын, әуеотыны өндірісі артады. Жаңартылған мұнай өндіруші зауыттар пайдалануға берілгеннен кейін ішкі қажеттіліктер қамтамасыз етіледі. Яғни, жанар-жағармай материалдарын шеттен тасымалдау айтарлықтай тыйылады, - деді министр.
Айта кеткен жөн, Атырау және Павлодар мұнай өндіруші зауыттары 2017 жылы, ал Шымкент МӨЗ-і 2018 жылы модернизацияланады. Олардың жұмысы қарқынды жүргізілгеннен кейін министрлік барлық мұнай өнімдерінің бағасын тұрақтандыра алады.
Ерке Мұхаметкәрім