Полиция көлігін айдап кетіп, төңкерді
Демалыс күні мас күйде болған азамат жол патрульдік полициясының көлігін айдап кетіп, артынша оны төңкеріп алған
19 ақпан күні 102 жедел арнасына тұрғындар хабарласып, Hyundai Accent көлігінің жүргізуші Орджоникидзе көшесіндегі қашаға соғылып, кейін тұрақта тұрған Chevrolet Niva көлігіне барып соғылғандығын пайымдаған. Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары Hyundai Accent көлігінің жүргізуші мен оның жолаушысы мас екенін анықтайды.
- Жол патрульдік полиция іс қағаздарды толтыру барысында Hyundai Accent көлігінің жолаушысы оларға барынша кедергі келтіріп, киімдерін жұлқып, балағат сөздер айтып, көліктерінің есігін теуіп, тәртіп сақшыларына бағынбаған. Тәртіп сақшылары тынымсыз, мас жолаушысын тыныштандырмақ болып жатқан кезде патрульдік полиция көлігінде отырған Hyundai Accent көлігінің жүргізуші патрульдік полиция көлігін айдап кетеді, - дейді ШҚО ІІД баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Торғаев.
Бірақ мас күйде болғандықтан көлікті айдап кеткен 1981 жылғы азамат алысқа ұзамай Протазанов көшесіндегі шам бағанасына соғылып, көлік аударылып қалады.
Көлікті айдап кеткен азамат Глубокое ауданының тұрғыны. Оның үстінен көлікті мас күйінде жүргізгені үшін және Орджоникидзе көшесіндегі соқтығыстары үшін екі Әкімшілік құқықбұзушылық Кодексіне сәйкес екі іс және жол патрульдік полиция қызметінің көлігін айдап кеткені үшін Қылмыстық кодекстің 200-бабына сәйкес іс қозғалады. Қазіргі уақытта соталды тергеу амалдары жүргізілуде. Ал тәртіп сақшыларының жұмысына кедергі келтірген және оларды балағаттанған жолаушы бұрын сотты болған Өскемен қаласының тұрғыны екен. Оның үстінен де ҚР Қылмыстық кодексінің 379-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.
Следующая →