Усть-Каменогорск
пасмурно
+19°
  • Усть-Каменогорск
    +19°
  • Алматы
    +20°
  • Нур-Султан (Астана)
    +15°
  • Актобе
    +8°
  • Форт-Шевченко
    +17°
  • Атырау
    +12°
  • Караганда
    +17°
  • Кокшетау
    +11°
  • Костанай
    +7°
  • Кызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +20°
  • Уральск
    +5°
  • Шымкент
    +20°
$
441.66
-2.48
475.14
-1.91
¥
61
-0.34
4.86
+0.01
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Трамвай паркін әкімдік реттемек

Трамвай паркін облыс әкімдігі қалпына келтірмекші. Бұл туралы ШҚО әкімі Даниал Ахметов тұрғындармен өткізген есеп беру кездесінде айтты

- Жуықта біз трамвай паркін қалпына келтіру жұмысын бастаған кезде жаңа жылжымалы құрамдарды сатып ала аламыз. Бірақ ол үшін уақыт керек. Өйткені барлық активтер банктің қолында және банк активтерді сатылымға шығарса, біз оны сатып алып, паркті қалпына келтіреміз, - деді Даниал Кенжетайұлы. 

Алайда трамвай паркінің басшылығы жаңа өзгерістер туралы ешқандай ақпараттың білмейтіндігін және жоғарғы соттың шешімімен шығарылған үкімдер қайта қайтарылғанын айтты. 

- 18 қаңтар күні жоғарғы сот отырысы болды. Онда біздің тарапқа қатысты шығарылған барлық үкімдер алынып тасталды. Енді біз  ШҚО сотының аппеляциялық инстанциясына қайта арыз бердік, - деді трамвай паркінің директоры Анатолий Успенский. 

Естеріңізге сала кетсек, трамвай паркі күнкөрістерін ретке келтіру үшін жылжымалы құрамдарды кәсіпкерлерге жалға бере бастады. Алайда олардың кәсіпкерлермен жасалған келісімдер қалалық және облыстық соттарда заңсыз танылды. Ал салық органдары айыппұл мен өсім салынады. Осылайша трамвай паркінің жағдайы құрдымға кетіп барады. 
Следующая →