Жұмысшылар жалақысы уақытында беріле ме?
Жыл басынан бері «Востокмашзавод» АҚ және «Әділ» АҚ жұмысшылары өткен жылдағы жалақыларын қолдарына ала алмай келеді
- «Востокмашзавод» АҚ жұмысшыларының жағдайы біздің бақылауымызда. Бұл мәселенің ауқымы жоғары болғандықтан бас прокуратураның бақылануда. Ал «Әділ» АҚ келетін болсақ, оларға 22 ақпанға дейін жалақыларын өтеуге міндеттейтін жарғы шығарылған, - деді ШҚО прокурорының орынбасары Виталий Шабер.
Айта кету керек, облыс прокуратурасы жүзеге асыратын «Жалақы - уақытында» жобасы аясында 2016 жылы облыстың 13 мыңнан астам тұрғындарына 1 млрд теңге көлемінде жалақы бойынша берешек қайтарылды.