Усть-Каменогорск
малооблачно
-13°
  • Усть-Каменогорск
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Нур-Султан (Астана)
    -6°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +8°
  • Атырау
    +1°
  • Караганда
    -3°
  • Кокшетау
    -9°
  • Костанай
    -7°
  • Кызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Уральск
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Оқу орындары қауіпсіздік ережелерін ескермеген

<p align="justify">      Өскемен қаласындағы 26 оқу орнынан өрт қауіпсіздігіне байланысты бұзушылықтар табылған </p>

Бұл олқылықтары үшін білім ошақтарының әкімшіліктері 300 мың теңге көлемінде айыппұл төледі.

- 2016 жылы 149 білім беру орындарында өрт-техникалық тексеру жұмыстары жүргізілген, - дейді Өскемен қаласы ТЖ басқармасы басшысының орынбасары Серік Амангелдин. - Олардың ішінде 59-ы жалпы білім беру мектептері, төртеуі мектеп жанындағы интернаттар, 42 мектепке дейінгі мекеме, 23 ЖОО, 20 колледж және балалар үйі. Тексерілген барлық білім ошақтарының 39-ы азаматтардың мұрындық болуымен жүргізілген.

ТЖБ мәліметтеріне сүйенсек, тексеріс жүргізілген білім ордаларының 26-сы өрт қауіпсіздік ережелерін ескерусіз қалдырған. Мәселен, ондай бұзушылықтар қатарында мектептердегі эвакуациялық есіктердің мүлде жабық жатуы, мектептің артқы шығар есігі жанғыш заттармен жабылып жатыр, сонымен қатар көпшілігінде өрт кезіндегі эвакуация жоспары жоқ, өрт сөндіру крандары толық жабдықталмаған. Мамандар тексеріс нәтижесінде анықталған олқылықтарды белгілі бір мерзімге дейін түзеу туралы ескертпе жазды. Одан өзге, сотқа шағымданып, онда тоғыз әкімшілік іс қаралды. Жауапты тұлғалар 300 мың теңге көлемінде айыппұл төледі.

Төтенше жағдай мамандарының алаңдауына негіз бар екенін айта кеткен жөн. Өйткені өткен жылы Севастопольская көшесі бойында орналасқан мектептердің бірінен өрт шыққан еді. Абырой болғанда, ол кезде ешкім зардап шеккен жоқ.


Азамат Нұрболатұлы

Следующая →