Усть-Каменогорск
пасмурно
-10°
  • Усть-Каменогорск
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Нур-Султан (Астана)
    -6°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +10°
  • Атырау
    +3°
  • Караганда
    -8°
  • Кокшетау
    -6°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Уральск
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Семейде жол ақысы өсуі мүмкін

Семей қаласының тасымалдаушылары жол ақысын 60 теңгеден 92-127 теңгеге дейін көтеруді талап етуде. Әйтпеген жағдайда автобустардың саны мен қозғалыс уақыты қысқаруы мүмкін

Егер жергілікті билік жол жүру тарифңн көтеруге келісімдерін бермейтін болса, онда тасымалдаушылар 20 ақпаннан бастап қоғамдық көліктердің санын азайып, олар 19.00-ден кейін қозғалысты тоқтатпақ.

Ал Семей қаласының әкімі тұрғындарға қатысты сұрақтарда жедел шешім қабылдауға асығыстық танытпау керек деген пікірде.

- Біз тарифтің қыбаттауы керектігін түсінеміз. Бірақ шығынды есептемей, мұндай шешімді қабылдай алмаймыз. Экономикалық тұрғыдан кемшіліктерді көрсетіп, өз талаптарыңызды айқындаңыздар. Бір Өскемен қаласының тарифіне сілтеме жасаудың қажеті жоқ. Оларда тасымалдаушылардың жартысы жолаушылардың ыңғайлылығы үшін көліктерін жаңартты. Ал біздің автобустардың санитарлық жағдайы қандай? Бұл қызмет сапасын, кондукторлардың киімін тағы басқа жағдайларды ескермегеннің өзінде, - деді Семей қаласының әкімі Ермак Салимов.

Сонымен қатар, қала әкімі өз беттерімен баға көтерген тасымалдаушылардың қызметінен қалалық билік бас тарта алатынын ескертті.

Естеріңізге сала кетсек, 2015 жылы Семей қаласындағы екі ірі автопарк тасымалдаушылары өз еріктерімен жол ақысын 60 теңгеден 80 теңгеге көтерді. Сол кезде әкімдік олардың тасымалынан бас тартатындарын ескертіп, жол ақысы сол қалпында қалған болатын.

Бүгінгі таңда Семей қаласындағы жол ақысы 60 теңге тұрса, балалардың билеті 30 теңге тұрады. Ал зейтенкерлерге арналған жеңілдіктер мүлдем қарастырылмаған.


Ерке Биғазина

Следующая →