Усть-Каменогорск
ясно
+16°
  • Усть-Каменогорск
    +16°
  • Алматы
    +22°
  • Нур-Султан (Астана)
    +20°
  • Актобе
    +19°
  • Форт-Шевченко
    +18°
  • Атырау
    +17°
  • Караганда
    +18°
  • Кокшетау
    +18°
  • Костанай
    +19°
  • Кызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +23°
  • Уральск
    +9°
  • Шымкент
    +28°
$
439.43
473.31
¥
60.98
4.82
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Оқытушыларға арналған жаңа портал қолжетімді

Облыста барлық пәннің оқу материалдары қамтылған Bilim Land жаңа қоры жұмысын бастады. Осылайша мұғалімдердің жұмысы жеңілдей түсті

Аталмыш жаңа сайт кез келген оқытушыға әлемнің түкпір-түкпіріндегі мұғалімдер қолданатын интерактивті сабақтар, анимациялық фильмдерді қажетінше пайдалануға мүмкіндік береді. Айта кетейік, сайт материалдары үш тілде жұмыс істейді.

- BilimLand.kz сайты мұғалімге сыныптағы сабақты қызықты әрі өнімді ете түсуге көмектеседі, - дейді ШҚО Білім басқармасының басшысы Айжан Садықова. – Онда мектеп пәндері негізінде жасалған он мыңнан астам интерактивті сабақтар мен физика, математика, география, химия және биологиядан әлемдегі ең үздік виртуалды зертхана бар. Одан өзге, мұғалім белгілі бір тақырып бойынша тестілеу жүргізу арқылы оқушылардың диагностикасын да жасай алады. Яғни, осындай жолмен баланың тақырыпты қаншалықты меңгергені көрінбек.

Айта кетейік, өңірдегі 341 мектеп осы порталды сабақта қолдана алуы үшін арнайы құрылғылармен жабдықталмақ. Ол үшін республикалық бюджеттен 168 миллион теңге бөлінді. 


Назерке Нұрболатқызы
Следующая →