Полиция шығыны әкімдікке жүктеле ме?
<p align="justify"> ЖЖЕ бұзушылардың жауапкершіліктен қашуы енді екіталай болмақ. Жуықта жолдағы камералар саны арта түспек </p>
- Олардың пайдасы әлдеқашан расталған. Былтырғы жылдың өзінде ғана 900 мың жол жүру ережесі бұзылғаны тіркелген, - дейді ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов. - Қоғамдық тәртіптің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін әкімдіктермен бірлесе отырып бейнебақылау жүйесінің санын арттыру жоспарланған. Олар ең алдымен көлік көп жүретін көшелер мен азаматтар көп шоғырланған базарларда, сауда орталықтарында және өзге де орталарға орнатылады.
Бұл туралы ШҚО баспасөз-қызметінің басшысы Бақытжан Торғаев нақты шешімдерді ІІМ тарапынан күту керектігін айтып өтті.
- Қазір нақтылап қай көшеде, қай жерге бейнебақылау орнатылатынын алдын ала айту қиын, - дейді Бақытжан Торғаев. - Бұл ақпарат жуықта ғана айтылды, ендігі кезекте ІІМ тарапынан келетін міндеметтемелер бойынша әрекет етеміз.
Айта кету керек, бұл құқыққорғау саласындағы бірінші өзгеріс емес. Жуықта ғана жол полициясының қолынан таяқша алынып тасталғаннан кейін, жаңа формалар енгізілетіні туралы айтылды. Жолды бақылау жүйесі өзгергендіктен жаңа көліктер сатып алынады. Мұның барлығына шығынды әкімдіктер арқалайды.