«Ел арна» телеарнасы елге қайта оралады
<p align="justify"> Наурыз мейрамының қарсаңында жаңа «Ел арна» телеарнасы өзінің жұмысын бастайды </p>
Бұл туралы Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев хабарлады.
- Наурыз мейрамы қарсаңында «Хабар» агенттігінің құрылымына кіретін «Ел арна» киноарнасы іске қосылады. Арнада деректі және көркем фильмдер, сериалдар көрсетілетін болады, - деді Үкімет отырысында Дәурен Абаев.
Жаңа телеарнаның «Ел арна» аталуы бұл бұрынғы арна жайлы ел арасында қалыптасқан жағымды пікір болып отыр. Дегенмен жаңа форматтағы «Ел арна» бұрынғыға мүлде ұқсамайтын болады.
- Жаңа телеарнада шетелдік "ТВ-1000", "Дом кино" арналарына ұқсауы мүмкін. Себебі онда тек отандық өнімдер, фильмдер мен сериалдар көрсетілетін болады, - деп қосты министр.
Ал көрсетілетін отандық киноленталар қатарына 1940 жылдан бері қарай түсірілген барлық кинолар кіретін болады.