"Абайлаңыз автобус!" акциясы өтті
ШҚО автобус жүргізушілеріне жүру жылдамдығын шектен тыс асырғандары үшін және жолда ұялы телефонмен сөйлескендері үшін айыппұл салынды
«Автобус» жедел алдын-алу шараларының бірінші күнінде ғана қоғамдық көлік иелерінің 234 тәртіп бұзғаны анықталған.
26 мен 28 қаңтар аралығында ШҚО-да «Автобус» республикалық жедел алдын-алу шарасы аясында жол ережесін бұзғандар ұсталды.
ШҚО ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл шара қоғамдық көліктегі қауіпсіздік деңгейін өсіріп, жүргізушілердің жол ережесін бұзбауы үшін өткен.
ЖЖЕ сақтамаған жүргізушілерді ұстау үшін полициямен бірге қоғамдық бірлестіктер өкілдері, Көліктік бақылау басқармасы мен Мемлекеттік кірістер департаменті қатысты. Бірінші күні ғана 234 ереже бұзылғаны анықталған.
Көп жағдайда жүргізушілер жолда ұялы телефон пайдаланған – 42 жағдай, бұл күні ереже 32 рет бұзылса, 15 - рет жол жылдамдығын шектен тыс асырғандар болды. Алты жүргізуші жолаушыларды заңсыз тасымалдаса, тоғызы еңбек және демалыс режимін бұзған.
Сонымен қатар тәртіп сақшылары миграциялық полициямен және ШҚО көлік бақылау инспекциясымен бірлесе отырып, жолдағы заңсыз мигранттарды, заңсыз тасымалдаушыларды ұстап, жолаушылар көліктерінің техникалық жағдайын тексерген. Заңсыз қайта жабдықталған автобус иелеріне жолаушыларды тасымалдауға тыйым салынды.
Дос Сапар
Следующая →