Усть-Каменогорск
ясно
+9°
  • Усть-Каменогорск
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Нур-Султан (Астана)
    +13°
  • Актобе
    +19°
  • Форт-Шевченко
    +22°
  • Атырау
    +21°
  • Караганда
    +9°
  • Кокшетау
    +14°
  • Костанай
    +16°
  • Кызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Уральск
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Семей көшелері омбы қар астында

Семей қаласының тұрғындары көше тазалығына, омбы қардың алынбағанына екі ай бойы шағымданып келеді

Семей тұрғындарының айтуынша, қала көшелерін тазалауға ешкім асықпайтын көрінеді. Жолдар кей жерлерде тазаланады, ал жолдан өту үшін жол жиегіндегі омбы қардан асу керек. Қар үйіндісінен жүргізушілер де жол белгісін көре алмайды. Ал қоғамдық көлік жүргізушілері тазаланбаған жолды айналып өтуге тырысады.
- Коммуналдық қызмет жұмыс істемейді. Қарды картон қорапқа жинауды ғана біледі. Бүкіл елге осы әрекеттерімен танымал болып алған, - дейді қала тұрғыны Татьяна Васильева. - Қар тазалайтын көліктер жолда көрінбейді. Қаншама қар жауып қойды. Көктемде ерісе, қайта жүзетін боламыз. Болатын мәселелерді біле тұрып, неге жұмыс істемейді?
Қалалық коммуналдық қызмет жұмысына Семей әкімі Ермак Салимов та наразылығын білдірген. Қанағаттанарлық жұмыс атқармағаны үшін жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басшысы Юрий Пазын мен Семей қаласын абаттандыру және көгалдандыру бойынша бөлім директорының міндетін атқарушы Асхат Рахметов қала басшысынан сөгіс алды.
- Жол күтімі бойынша жұмыс жиналысы барысында Ермак Салимов 10 күн ішінде 12 орталық көше тазалансын деген тапсырма берді, - деп хабарлайды Семей қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
Қала әкімінің сөгісінен, қала тұрғындары қорқа күткен тасқынның беті бұрылар деген ойдамыз.  

 Айдос Мырзахметов
Следующая →