Наурыздағы мейрамдарда қалай демаламыз?
Биыл қазақстандықтардың мерекелік демалыстары мен жұмыс уақыттары нәтижелі болу үшін демалыс күндері өзгертілді
22 Наурыз Ұлыстың ұлы күні және 6 шілде Астана күні мерекесінде қазақстандықтардың демалысы мен жұмыс уақыты нәтижелі болу үшін Үкімет басшысы Еңбек кодексіне сәйкесінше өзгерістер енгізді.
- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 85-бабының 3-тармағына сәйкес және жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев 2017 жылы демалыс күндерін ауыстыру туралы ҚР Үкіметінің қаулысына қол қойды, - делінген Қазақстан Республикасы үкіметінің ресми сайтында.
Қаулыға сәйкес, демалыс күндері 2017 жылғы 18 наурыз сенбіден – 2017 жылғы 20 наурыз дүйсенбіге және 2017 жылғы 1 шілде сенбіден – 2017 жылғы 7 шілде жұмаға ауыстырылды.
Яғни, 18 наурыз бен 1 шілде жұмыс күндері ретінде есептеліп, қазақстандықтар 19-23 наурыз аралығында үзіліссіз 5 күн демалып, тек 24 наурызда жұмысқа шығады. Ал 1 шілде, сенбі күні жұмысқа шығу арқылы қазақстандықтар 6,7 шілде күндері демалатын болады.
Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Амир Қилымбеков
Следующая →