Усть-Каменогорск
ясно
-12°
  • Усть-Каменогорск
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Нур-Султан (Астана)
    -3°
  • Актобе
    -3°
  • Форт-Шевченко
    +8°
  • Атырау
    -2°
  • Караганда
    -4°
  • Кокшетау
    -6°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Уральск
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Облыста 50-ден аса сүт қабылдау орындары бар

Бүгінгі таңда облыста қуаттылығы жылына 19 мың тонна сүт сатып алуға жететін 52 сүт қабылдау орындары бар

Ірі қара иелері сүттің литрін орташа бағамен 70 теңгеден өткізуде. Өңір басшысы Даниал Ахметовтің басшылығымен биыл үшінші жыл қатарынан сүт қабылдау орындарының санын және сүтті тауар фермаларын арттыру бағдарламасы жүзеге асырылуда.

 Негізінен облыс бойынша жеке қосалқы шаруашылықтарда жылына 260 мың тонна сүт алынатын 100 мыңнан астам ірі қара бар. Табиғи өнім күн сайын қабылдау орындарына түсіп, кейін кәсіпорындарға жіберіледі. Жалпы өңірде жылына 150 мың тонна сүт өндіретін 23 зауыт жұмыс істейді. 

Енді бағдарламаны ары қарай да ұлғайту бойынша шаралар талқылануда. Мамандардың айтуынша, жиналатын сүттің көлемін арттырудың бірден-бір тиімді әдісі жекелей қосалқы шаруашылықтарды шаруашылық кооперативіне біріктіру болып табылады. Облыс басшысының орынбасары Дүйсенғазы Мусиннің сөзіне сүйенсек, кооперативтер ары қарай даму үшін жеңілдетілген несиелер берілуі де мүмкін.

Сонымен қатар, 2017-2021 жылдарға арналған ҚР АӨК дамыту бойынша жаңа мемлекеттік бағдарламаның аясында түрлі қолдау бағыттарын қосу да қарастырылуда. Тіпті, даму институттары арқылы аграрлық секторда ауылшаруашылық кооперативтеріне 7 жылға дейін 6%-дық үстемемен несие беру жоспарда бар. Ал несие сомасының максималды мөлшері 17-18 млн теңгеге дейін болмақ.

Назерке Кәрімова
Следующая →