Жарнамалар саны азаятын болады
«Ақпарат және коммуникациялар бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы» заң жобасына қоғамдық талқылау өтті
Билік басындағылар аталмыш заңға 200 өзгеріс енгізуді ұсынып отырған көрінеді.
- Алдымызда көптеген атқарылатын жұмыстар тұр, - дейді ҚР Ақпарат және коммуникация вице министрі Алан Әжібаев. - Құжат депутаттармен, журналистермен және мамандармен талқыланды. Осылайша 200 шақты ұсыныс түсті.
Осындай өзгертулер телеарналардағы жарнамалар көлеміне тиді. Мысалы 2017 жылы жарнамалар 25 пайыз, 2019 жылы 20 және 2020 жылы тек 15 пайызды құрауы мүмкін. Осылайша жылдармен біртіндеп жарнама көлемін азайту көзделген. Мұнымен қоса, жаңа заң жобасына «баланың жас ерекшелігіне сай келетін ақпарат» атты түсініктер енгізілген.
- Сөйтіп, барлық жұмысты сәуір айының соңына дейін аяқтап, мамырда оны Мәжіліске енгізуге тырысамыз», - деді вице-министр.
Айта кету керек, аталмыш заң жобасы былтырғы жылдың күзінен бері қаралып келеді. Сол уақыт аралығынан бері жаңа өзгерістер ақпарат тасушы барлық салалардың аясын қамтыды деуге болады.
Дос Сапар
Следующая →