Бал дәуреннің мекені – «Еркетай»
Көне заманнан бері қазақ халқы қай уақытта болмасын ұрпақ тәрбиесін ұлттың болашағы деп есептегені белгілі
Ұлттың бүгіні мен ертеңі де тәрбиелі ұрпаққа байланысты.
Келешектің келісті болуы, ұрпағымыздың ой-өрісін дамытып, ұлттық құндылықтарды қастерлеумен қатар тәрбие мәселесіне көңіл бөліп, оған тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану әрбір ұжымның тапқырлығы мен шығармашылығын, үлкен талпынысын талап ететіні сөзсіз. Осындай ұлттық нақыштағы тәрбие мен тәлім беріп отырған Өскемен қаласы әкімдігінің №18 «Еркетай» балабақша-бөбекжайының негізі қаланғанына бес жыл болса да, балабақшаның ауыз толтырып айтар жетістіктері мол. Сөзіміз мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнының жаңаруы аясында «Мәңгілік ел – мұратым» Ұлттық идеясын тәрбие мен оқыту процесінде жүзеге асыру жолдарын насихаттау атты семинарында айқындалды. Бұл балабақшаның директоры Сара Баймуханқызы Капезова «Еркетай» балабақшасының негізін қалап, талмай қызмет етті. Тәрбиенің көзін ашар тәрбиешілер де ұдайы ізденіс үстінде екендігі көрініп тұр. Кәсіби біліктілігі мен педагогикалық тәжірибесі қалыптасқан он бестен астам тәрбиешілер мен ұстаздар бес топқа бөлінген 150-ге жуық балаға білім мен адамгершілік сабақтарын дарытып, тәлім-тәрбие беруде.
- Кешелі бері балабақшамызға бес жыл толды дегенде мен терең ойға кеттім. Өткенімді есіме алсам, талай жұмысты алға бастап, қиындықтарды артқа тастап талмай еңбек етіппіз. Осы уақытқа дейін өзімнің із басарларымның ұжым болып жұмыс атқарып келе жатқандары да үлкен рөл атқарады. Осы бір кемеде ағысқа қарай жүзіп келе жатқан ұжымымызбен жұмысымызды бастар кезде қазақ балабақшасының бірі болып ашылып жатырмыз, қазақ намысын жерге таптатпай, біз өз дәрежемізді көтеру керекпіз дедім. Күнделікті басты мақсатымыз да осы «Еркетай» бүлдіршіндерін ұлттық нақышта тәрбиелеу, - деді «Еркетай» балабақшасының директоры Сара Баймұханқызы.
«Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыру арқылы жалпы ұлттық құндылықтарды бала бойына сіңіру негізгі мақсат болып табылады. Осы семинар арқылы Елбасының қазіргі білім берудегі үштілділік идеясы да көрініс тапты.
Балабақшада өткен әр күн жас өренге өмірлік өнеге болары хақ. Сол себепті алдағы уақытта тәрбие беруші ұстаздарымыздың қанаттары талмай, өнегелі ұрпақты ұлттық нақышта тәрбиелеп, қызмет ете берсін деп тілейік.
Мөлдір Тоқтамыс
Следующая →