Шығыс Қазақстан облысында жаңа пән енгізілді
Облыс мектептерінде оқушылар қазақ жерін мекен еткен әр түрлі ұлт пен ұлыстардың салт-дәстүрі, әдет-ғұрыптарымен танысатын болады
Облыстық Прокуратураның бастамасымен Өскемен қаласының мектептерінде пилоттық жоба шеңберінде «Қазақстан халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары» атты жаңа пән енгізілді. Осы пилоттық жоба тиімділігін көрсетсе, осы пән республиканың барлық өңірлеріндегі оқу орындарында енгізілетін болады.
- Біз қылмыс, заң бұзушылық әрекеттермен күреске аса мән береміз. Қандай да бір құқықбұзушылықтардың бастапқы кезеңінде алдын алу тиімді, - дейді ШҚО бас прокуроры Бағбан Таимбетов. – Әлемде және Қазақстанда болып жатқан оқиғалар көбінесе жастардың экстремизм идеяларына елігушілік, басқа ұлттардың салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын, өмірлік қағидаларын білмеуінен немесе түсінбеуі салдарынан болып жатады. Сондықтан мектеп жасынан бастап балаларға әрбір этнос, дін, әр түрлі мәдениеттің ерекшеліктерін түсіндіру керек, оларды бауырмалдық пен шыдамдылыққа баулу керек.
Айта кетейік, педагогтер «Қазақстан халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары» атты жаңа әдістемелік құрал бойынша сабақ беретін болады. Қазір ШҚО және Астана қаласының мамандары осы пән бойынша оқу-әдістемелік құрал әзірлеп қойды. Оқу курсын ҚР Ғылым және білім министрілігімен келісіліп, облыстық әкімдік жобаны қаржыландырды.
- Оқу жылының ортанысына келіп қалғаннан кейін оқушылардың сабақ кестесінде пәнге арнайы сағаттар бөлінбейді, - дейді ШҚО Білім басқармасының басшысы Айжан Садықова. – Ол сынып сағаттары кезінде аптасына екі рет факультативтік сабақ ретінде оқытылады. Оқу жылының соңында тәжірибе жүргізілген сынып оқушылары емтихан тапсырады.
Ескере кеткен жөн, бұл пәнді бағдарлама авторларынан оқып шыққан құзыретті оқытушылар ғана жүргізеді. Бүгінгі таңда Өскемен қаласындағы №17, №43 мектептерінде, Семей, Глубокое және Ұлан ауданының мектептерінде аталмыш факультативтік сабақтар жүргізіліп жатыр. ал 2017 жылдың қыркүйегінен бастап пәнді облыстың барлық мектептеріне енгізу жоспарланған.
Назерке Нұрболатқызы
Следующая →