Қасақана жасалған әрекет пе, әлде өз-өзіне қол жұмсау ма?
Семей автопаркі менеджерінің оқ тиген өлі денесі табылды
Тәртіп сақшылары 23 қаңтар күні ішіне оқ атылып қаза тапқан ер адамның ісіне қатысты тергеу амалдарын бастады.
«Таксомоторный парк» ЖШС қызметкерінің денесі оның үйінен табылды. Оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметкерлері ер адам ішіне атылған оқтан қаза болғанын растады. Полиция қызметкерлері орын алған оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтауда. Бірақ соған қарамастан, сақшылар ер адам өзіне-өзі қол жұмсады деген нұсқаны да қарастыруда.
- Қазір біз тергеу амалдарын жүргізіп, оқиғаға қатысты ақпараттарды анықтаудамыз. Соталды тергеу амалдары «Өзін-өзі өлтірді» бабы бойынша жүргізілуде. Бірақ мұндай әрекеттің себептері әлі айтылған жоқ, - деп түсіндірді ШҚО ІІД баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Торғаев.