Коммуналдық мекемелер тарифтерді өз еркімен көтере алады
Коммуналдық мекемелер тарифті Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау мекемесімен келісім жасамай-ақ көтеретін болады
Жаңа жылдан бастап кейбір коммуналды мекемелер тарифті жоғарлату туралы өтінім жібермейтін болады. Яғни, кәсіпорын өз қызметі үшін ақыны Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінен рұқсат сұрамай-ақ, жай ғана мекемені құлақтандырумен шектелмек.
Жаңа жылдан бастап монополияға қарсы заңнамада өзгерістер орын алды. Соған орай нарықта бағаны реттеу болмайды.
- Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» заңнамасына 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап заңды күшіне енген түзетулерге байланысты реттелетін нарықтарда үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің Мемлекеттік тізіліміне енгізілген реттелетін нарық субъектілерінің бағаларын мемлекеттік реттеу тоқтатылады, - дейді Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Қайрат Оразбаев. - Комитет төрағасының бұйрығымен реттелетін нарықтарда үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізілімі күшін жойды. Осылайша, Шығыс Қазақстан облысында 7 қызмет бойынша 16 субъектінің қызметін реттеу тоқтатылады.
Бұған электрмен жабдықтау қызметтері бойынша «Шығысэнерготрейд» ЖШС ШҚО нарығында, ШҚО-да ауданаралық (қалааралық) байланысты темір жол көлігімен жолаушыларды тасымалдау бойынша қызметтері бойынша «Туран Экспресс» ЖШС, «Solux Экспресс» ЖШС, локомотивпен тиеу-шығару фронттарына вагондарды беру-жинау қызметі бойынша «ТМК» АҚ, «КазцинкТемирТранс» ЖШС, «Семей көлік компаниясы» ЖШС, «ОЖДХ» ЖШС, «ҮМЗ» АҚ, «Балапан Көлігі Компаниясы» ЖШС, «Семей ет комбинаты» ЖШС, «ШҚ ұн тарту-құрама жем комбинаты» ЖШС, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Семей және ШҚ бөлімшелері», сондай-ақ, әуежай қызметтері бойынша «Семей халықаралық әуежайы» АҚ, «Аэропорт Усть-Каменогорск» АҚ, сұйылтылған газды көтерме сауда арқылы өткізу қызметтері (делдалдық буын) бойынша Семей қаласындағы «Аманат Газ» ЖШС ШҚО нарығында, сұйылтылған газды бөлшек сауда арқылы өткізу қызметтері бойынша «Аманат Газ» ЖШС ШҚО нарығында, тасымалдау үдерісін қамтамасыз ету мақсаттарында теміржол құрамының жүруі үшін теміржолдар қатынас жолдарын ұсыну қызметтері бойынша «Досжан темір жолы» АҚ ШҚО нарығында, Шар-Ново-Усть-Каменогорск станциясы.
Аталмыш субъектілерден, электрмен жабдықтау коммуналдық қызметтері үстем жағдайға ие бір нарық субъектісі – «Шығысэнерготрейд» ЖШС үшін ғана реттелген болатын. «Қоғамдық маңызы бар нарықтар» субъектілері үшін баға құрудың жаңа ережелерінің жоқ болуымен байланысты 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап «Шығысэнерготрейд» ЖШС-мен өздігінен электрмен жабдықтау қызметтеріне тұтынушылардың барлық топтары үшін тариф 5,5 пайызға жоғарылатылды, - дейді Қайрат Назарұлы.
Айта кетейік, облыста бағаларды мемлекеттік реттеу бұдан әрі 3 субъект үшін жүргізілетін болады. Оларға «Шығысэнерготрейд» ЖШС, «Аэропорт Усть-Каменогорск» АҚ мен «Семей халықаралық әуежайы» ЖШС жатады. Мекеменің берген мәліметтеріне сүйенсек, алдағы уақытта мүмкін реттелетін субъектілер тізімі өзгеретін болады.
Департамент тарифтерді бекітуді, сондай-ақ, табиғи монополиялар, соның ішінде коммуналды қызметтерді (сумен жабдықтау, суды бұру, жылумен жабдықтау) көрсететін субъектілердің қызметін бақылауды және реттеуді жүзеге асыруды жалғастыратыны жөнінде атап өтеміз, - дейді мекеме басшысы.
Жалпы, 2017 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Шығыс Қазақстан облысы бойынша табиғи монополиялар субъектілері мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөлімінде 95 табиғи монополия субъектісі бар екен.
Ерке Мұхаметкәрім
Следующая →