Усть-Каменогорск
ясно
-10°
  • Усть-Каменогорск
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Нур-Султан (Астана)
    -7°
  • Актобе
    -4°
  • Форт-Шевченко
    +10°
  • Атырау
    +3°
  • Караганда
    -5°
  • Кокшетау
    -8°
  • Костанай
    -8°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Уральск
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Апаттық жағдайдағы мектеп мәселесі шешімін таппай тұр

<p>      Облыста өткен жылы 6 мектеп пайдалануға берілді. Оның бесеуі апаттық жағдайдағы мектептерді алмастырса, енді біреуі үш ауысымда білім беретін мектептегі жүктемені азайту мақсатында ашылды </p> <p> <br> </p>

Жалпы өткен жылы облыс бойынша барлығы 11 апаттық жағдайдағы және бес үш ауысымда оқытатын мектеп бар еді.

Сонымен қатар, алты жаңа мектеп салу мәселесі де шешімін тапты. Жоспар бойынша оның үшеуі апаттық мектеп болса, үшеуі үш ауысымды оқыту жүйесімен білім беріп отырған мекемені алмастырмақ.

- Биыл облыста алты апаттық жағдайдағы және төрт үш ауысыммен оқытатын мектеп тіркеліп отыр. Көкпекті ауданы Бастаушы ауылындағы Абай атындағы және Күршім ауданындағы екі мектеп әлі де апаттық жағдайда және осы мәселе шешімін таппай тұр, - дейді ШҚО Білім басқармасының басшысы Айжан Садықова.

Неліктен бұл мәселе әлі де шешімін таппай отырғандығын облыс басшысы Даниал Ахметов аудан әкімдерінен тікелей сұрады.

«Қазақтың кең байтақ жерінде мектеп салуға кішкентай ғана жер табылмады ма?» деген өңір басшысының сұрағына Күршім ауданының әкімі Сейсенғазы Чукаев жауап берді.

- Бұл мәселе қазір шешілу үстінде. Жалпы ауылдың өзі орманды аймақта орналасқандықтан, құрылысқа жер бөлу мәселесінде қиындықтар туындап отыр. Қазір әділет мекемесімен жұмыс жүргізіп жатырмын, бұйыртса жақын уақытта шешімін тауып қалар. Негізінен ауылда 94 бала бар. 80 орындық мектеп салуға болады, - дейді Сейсенғазы Жұмағалиұлы.

Даниал Кенжетайұлы аудан әкіміне жер бөліп, жаңа мектеп құрылысын бтезірек қолға алуды тапсырды. Сонымен қатар, бала саны аз ауылдарға үлкен мектептерді сала бермей, мәселені басқаша шешуді тілге тиек етті.

Следующая →