Усть-Каменогорск
малооблачно
-13°
  • Усть-Каменогорск
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Нур-Султан (Астана)
    -6°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +8°
  • Атырау
    +1°
  • Караганда
    -3°
  • Кокшетау
    -9°
  • Костанай
    -7°
  • Кызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Уральск
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Ұландықтар балық аулауда

Ең ірі бұқаралық қысқы балық аулау өткен сенбіде Каменка су қоймасындағы мұз үстінде салауатты өмір салтын бекітудің Ұлан аудандық бағдарламасын жүзеге асыру аясында өтті

- «Бүгін нағыз мереке болды»,-дейді аудан әкімінің орынбасары Роза Мамырбаева. – Каменка су қоймасының мұз айдынында бұқаралық балық аулау жоспарланғандай қатысушы көпшіліктің - әр түрлі жастағы және әр түрлі мамандықтағы адамдардың назарын аудартты. Аудан әкімі Дәулет Батырбаевтың өзінен бастап, құрамында мемлекеттік қызметшілер де, мұғалімдер де, кәсіпкерлер де, мектеп оқушылары да, жүргізушілер де бар бөлім және қызмет басшылары мен ауылдық округтер жасақтарымен қатысты. Қысқы балық аулауға Өскемен қаласынан балықшылар да қатысып, оларға да сыйлықтар берілді. Жеңімпаздарды әр түрлі номинациялармен жасағымен де, жекелей сынақпен де анықтады. Ең бастысы – ең үлкен және аз кездесетін балықты ұстау болды. Жоспар бойынша нақты жауаптылар, оның ішінде шара өткізілетін орынға жеткізуді қамтамасыз етуге, «жедел жәрдем» және қоғамдық тәртіпті сақтауға кезекшілікке, қонақтарға арналған киіз үй орнатуға жауап беретіндер анықталды. Сауда орындары ұйымдастырылып кәуап сатылды, сондай-ақ күріш, ыстық шаймен сый құрмет көрсетілді. Қысқасы, адамдар сергектік және денсаулық қуатын алумен қатар өте риза болды.

Табиғат өзі қысқы бұқаралық балық аулауды өткізуге болысып тұрғандай болды. Аздаған аяз, желсіз, қауырсынды бұлттармен күмбезді зор аспан, үнсіз қарлы тыныштықты үлпілдеген ақ тонына оранып кенеттен қарлы далаға атып шыққан қоян да бұза алған жоқ.... Таң бозынан бастап балықшылар мұзды су қоймасының үстіне бытыраңқы орналасты. Қатысушылардың көпшілігі Айыртау ауылдық округінен болды. Тавриялық жасаққа мұғалім Сергей Зиновьев, кәсіпкерлер Игорь Тимофеев және Василий Чернов, көлік жүргізуші Андрей Давыдов және басқа балықшылар өкілдік етті. Бірақ, сол таңдағы бірінші балықты Асубұлақ кентінің әкімі Мұрат Мұқашев аулап алды. «Қысқы балық аулауда бірінші рет келуім және мынадай сәттілік болды», - деді ол. – Ризашылығым сондай, қызығушылығым артты. Ең бастысы әрине денсаулық қуатын алдым!» Денсаулық үшін қысқы балық аулаудың даусыз маңыздылығы туралы сол күнгі мұз үстінде пікірлескендердің бәрі айтып өтті.

Түс мезгілінде балықшылар төреші үстеліне жиналды - ауланған балықтардың салмағы өлшенді және жеңімпаздарды анықтау басталды. Ең кішкене ауланған 40 граммдық салмағы бар алабұға болды. Жекелей ауланған килограмм тартатын шортанмен қатар басқа да ұсақ балықтар және алабұға болды, ал кейбіреулерде тек соңғысы ғана болды... Ендігі көкейдегі олжалы ірі балықты біреу аулайтынына сенімдерін жоғалта бастаған, бірақ өлшеу аяқталар сәтті өлшеу үстеліне үлкен шортанды көтеріп Айдос Мухамеджанов келді. Таразы 5 килограмм 340 граммды көрсетті. Ол жеке сынақта жеңімпаз атанды. Жасақ бойынша жеңімпаз Айыртау ауылдық округінің балықшылары алса, екінші орында Өскемен қаласының балықшылары, үшінші орынды – Каменка ауылдық округі иеленді.

Сыйлыққа бәріне балықшы құралдары берілді. Ең жас және ең қарт қатысушыларды да сыйлық беріп атап өтті – олар 7 сынып оқушысы Артем Бережной және Владимир Абдулов.

Осылайша ескіше үлгіде Жаңа жылды тойлау күні аудан бойынша барлығы қысқы балық аулауға барып, сергектік және денсаулық қуатын алып қайтты.

Следующая →