Усть-Каменогорск
ясно
-12°
  • Усть-Каменогорск
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Нур-Султан (Астана)
    -3°
  • Актобе
    -3°
  • Форт-Шевченко
    +8°
  • Атырау
    -2°
  • Караганда
    -4°
  • Кокшетау
    -6°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Уральск
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Жол ақысы қашан қымбаттайды?

Өскемен қаласының мәслихат депутаттары жол ақысына қатысты жаңа тарифті мақұлдады. Енді қоғамдық көліктердегі билет бағасы 90 теңге болмақ

Жол ақысы қымбаттағандықтан тасымалдаушылар мектеп оқушылары мен зейнеткерлер үшін жеңілдіктерді қалдырды. Яғни, енді 1-ден 9-сынып аралығындағы оқушылар автобуста 45 теңге, ал 70 жастан асқан зейнеткерлер 50 теңге төлейтін болады.

Естеріңізге сала кетейік, тасымалдаушылар жол ақысын көтеруді жеті ай бойы сұрап келген. Соңында дегендеріне жетті.

- Жол ақысының қымбаттауы тасымалдаушылардың жанармай, қосалқы бөлшектері мен жұмысшыларға берілетін еңбекақы шығынын жабуы мүмкін, - дейді Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Арман Искаков. – Алайда, алдағы уақытта жолаушылар көлігінің дами түсуіне бұл да көмектепсейді.

Сонымен қатар, қала әкімінің орынбасары тасымалдаушылардың қызметі алдағы уақытта жақсара түсетіндігін де уәде етті. Тіпті, жыл ортасынан бастап автобустарда электронды түрде билет ала алатын арнайы техникалар пайда болмақ. Одан өзге, автобустардың уақытылы қатынауы мен салондағы тазалықты да билік басындағылар қатаң бақылауға алуға ниетті.

- Сонымен қатар, ақылды аялдамалар, GPS-навигация мен жолаушылар өзіне қажетті бағыттағы автобустардың кестесін смартфонынан көре алатын арнайы қосымша да пайда болады, - дейді Арман Искаков.

Алайда нақты қай уақыттан бастап жол ақысы қымбаттайтыны белгісіз. Жорамал бойынша ақпан айында деп күтлуде.

- Негізінде әкімшіліктегілер 1 ақпан деп мерзімін айтқан болатын, - дейді ШҚО Тасымалдаушылар ассоциациясының төрағасы Николай Масич. – Билік басындағылар уәдесінен таймайды деген үміттеміз.

Назерке Нұрболатқызы

Следующая →