Сирек кездесетін жануарлар сиреп бара ма?
Өңіріміздегі жабайы аңшылық-кәсіптік жануарлардың санын биотехникалық шаралардың арқасында көбейту мүмкін болды
2011-2015 жылдар аралығында жабайы тұяқтылардың саны 20,5%-ға өсті (бұландар – 2226 бастан 2993 басқа, сібір тау ешкісі 917 бастан 970 басқа, қабан 1140 бастан 1429 басқа өсті). Сонымен қатар қырғауыл, өзен құндызы, ондатр және америкалық қаракүзеннің бейімдеу және қайта жерсіндіру жұмыстары сәтті ұйымдастырылды.
- Табиғаттың арнайы аймақтарын қорғау арқылы сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар жануарларды сақтап қалып, олардың санын өсіру мүмкін болды. Шығыс Қазақстан облысының аумағында қар барысы, сабаншы, алтай тау қойы, қазақстандық арқар, ақтөс сусар, алтайлық ұлар, қара дегелек, бүркіт, ителгі, лашын, аққұйрық субүркіт, дуадақ сынды жануарлар мекен етеді, - деді Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Медет Нұрғалиев.
Сондай-ақ биотехникалық шаралардың арқасында жыртқыш қасқыр, аңшылық аймақтағы жабайы ит, суда жүретін жабайы құстар мен сұр қарғалар азайтылып, кейбір жабайы кәсіптік жануарлардың саны артты. Яғни, 2015 жылға қарағанда аю 6 %-ға, суыр 7%-ға, қарағайлы орманның жабайы құсы: қара құр 15%-ға, қарабауыр 18%-ға, шіл 18,5%-ға, бөдене 15%-ға өсті.
- Жануарлар әлемін қатаң тексеру нәтижесінде 792 заңбұзушылық әрекеттер тіркелді. Олардың 291-і орман шаруашылығына, 97-сі аңшылық тәртібіне, 404-і балық шаруашылығына байланысты. Осыған орай, 2 376,6 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл өтеліп алынды, - деп атап өтті Медет Нұрғалиев.
Айта кету керек, Шығыс Қазақста облысының аймағында құстың 379 түрі, сүтқоректілердің 110 түрі және ҚР Қызыл кітабына енгізілген жойылып кету қаупі бар, сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің 50 түрі бар.
Амир Қилымбеков
Следующая →