Жерглікті билік өкілдері есеп берді
Қалалық мәслихат депутаттары, №8 филиалының директоры, №8 жергілікті өзін-өзі басқару комитеті, ардагерлер қоғамы тұрғындармен кездесті
Мысалы, депутат Олег Фролов көктемде 10 және 13 мектеп төңірегінде қосымша көше жарығы пайда болатынын айтты. Ал депутат Марина Кикина 2017 жылы барлық мектептерге арналға жөндеу жұмыстарына, материалды-техниканы жаңғыртуға қаржыландыру екі есеге өсетінін айтты.
- Күнделікті өмірдегі сан қилы сұрақтар бойынша көптеген үндеулер аламыз. Қала әкімінің алдында өткен мәслихат сессиясында барлық шешімдерді бақылауға алу сұрағы көтерілді, - дейді Марина Ивановна. - Бюджеттен бөлінетін барлық қаражаттар өз қажеттілігіне игерілетін болады.
Есеп берушілер 2016 жылға артылған міндеттер туралы айтып, былтырғы жылы жүзеге асырылған, және шешімін таппаған істер туралы баяндамаларымен таныстырды.
- Жергілікті билік органдары мен депутаттардың мұндай есеп беру шараларын өте жөнді санаймын, - дейді жазушы Бахтияр Төлеутаев. - Мұндай шараларға сонымен қатар ғалымдарды, жазушылар мен қоғам қайраткерлерін де тарту маңызды. Қазіргі қилы заманда халықтың еңсесін көтере жүру керек. Мұндай шаралар бізге қазір өте қажет.
Қатысушылар әсіресе, №21 сайлау учаскесінің депутаты Сергей Коротинге көптеген алғысын білдірді.
- Демеушілік қолдауының арқасында жалғысзбасты зейнеткерлер, ҰОС ардагерлері, жетімдер үйінің балалары, әлеуметтік деңгейі төмен отбасылар өздерін әрқашан қорғаушылары барын біліп келеді, - дейді қатысушылардың бірі. - Сергей Викторовичтің күшімен №15 және №8 орта мектептеріне қажетті құралдар, жетім бала пәтерге ие болды, науқас баланың ем шарасына қаражат жиналды және хоккей клубына қажетті жабдықтар алынды. Қала тұрғындарын да назарынан тастамай, мысалы №8 жергілікті өзін-өзі басқару комитетімен бірлесе отырып, жол өткелдерін орнатуда немесе көшедегі бұзақылардан қорғауға үлкен мән беріп келеді.
Халық қалаулылары қала тұрғындары депутаттармен жиі кездесіп тұруға, қала мәселелерін шешуге тікелей қатынас орнатуға шақырды. Кездесу қорытындысы бойынша №8 филиал директоры Олеся Салимбаеваның жұмысы қанағаттанарлық деп танылды.
Дос Сапар
Следующая →