Усть-Каменогорск
ясно
+6°
  • Усть-Каменогорск
    +6°
  • Алматы
    +10°
  • Нур-Султан (Астана)
    +11°
  • Актобе
    +20°
  • Форт-Шевченко
    +21°
  • Атырау
    +24°
  • Караганда
    +8°
  • Кокшетау
    +11°
  • Костанай
    +13°
  • Кызылорда
    +20°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +14°
  • Уральск
    +21°
  • Шымкент
    +17°
$
443.35
-0.87
475.54
-0.84
¥
61.18
-0.13
4.82
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Cемейде «Абай арена» ірі спорттық кешені салынады

Семейдегі Спорт академиясының ашылу салтанатында облыс басшысы алдағы уақытта шаһарда жаңа ерекше ғимарат бой көтеретіндігін айтқан

Бүгінгі күні Даниал Ахметовтың нұсқаған ғимаратының қандай болатындығы белгілі болды. Ол Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімовке ақпан айында «Абай арена» жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі мен нобайын әзірлеуді тапсырды. Халықаралық талаптардың барлығына сай келетін ерекше ғимараттың құрылысы биыл басталады.

- Кешен халықаралық деңгейдегі спорттық-мәдени шараларды қабылдай алатын ғимарат болмақ. Ол әлемдік талаптарға сәйкес салынып, тиісті жабдықтармен қамтамасыз етіледі, - деді облыс әкімі Даниал Ахметов.

Айта кетейік, кешеннің құны 12 млрд теңгені құрайды. Кешен заманауи әлемдік стандарттарға жауап береді.

Одан өзге Абай ауданының орталығы Қарауыл ауылында бассейн салынатын болады. Сонымен қатар, биыл облыста барлығы 27 әлеуметтік-мәдени нысан бой көтереді.

Ерке Мұхаметкәрім
Следующая →