Усть-Каменогорск
малооблачно
+8°
  • Усть-Каменогорск
    +8°
  • Алматы
    +17°
  • Нур-Султан (Астана)
    +10°
  • Актобе
    +11°
  • Форт-Шевченко
    +15°
  • Атырау
    +11°
  • Караганда
    +9°
  • Кокшетау
    +6°
  • Костанай
    +8°
  • Кызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +6°
  • Тараз
    +16°
  • Уральск
    +10°
  • Шымкент
    +17°
$
441.58
+0.17
480
+2.22
¥
61.19
+0.07
4.86
+0.02
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

«Шығысэнерготрейд» тұтынушылар ақшасын қайтарады

Өткен жылы «Шығысэнерготрейд» ЖШС есепті дұрыс жүргізбей, шығысқазақстандықтардан артық ақша алып келген

Қаржылық есепті дұрыс жүргізбеуі салдарынан ұйым жыл бойы электр қуатын қайта қосу үшін 482 адамнан артық ақша алып келген.

- Тергеу нәтижесінде «Шығысэнерготрейд» ЖШС-на ендігіде бұндай қателікке жол бермей, 482 тұтынушының есебін қайта қарау қажеттілігі туралы ұйғарым жіберілді, - деп мәлімдеді Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің ШҚО бойынша департаментіндегілер.

Негізсіз алынған ақшаны компания жыл көлемінде тұрғындарға қайтаруы керек. Ал одан өзге қаңтар айының соңына дейін «Шығысэнерготрейд» Сәтпаев даңғылындағы №72 және 74 үй тұрғындарына қарыз ақшаны да өтеуі керек. Компания бұл үй тұрғындарынан пәтер иелері кооперативі төлеуі керек болған подъездегі жарық үшін сынды ақыларды қосып алып отырған.

Тұрғындардың шағымы бойынша жүргізілген тексеріс нәтижесінде компания тұтынушылардың есебіне компаниямен келісім-шарт жасаспаған тұрғындар, бос тұрған пәтер иелері пайдаланған жарық құнын да қосып есептеген. Енді осы негізсіз төлемдер де тұтынушыларға қайтарылуы керек.

Ерке Мұхаметкәрім
Следующая →