Усть-Каменогорск
пасмурно
+4°
  • Усть-Каменогорск
    +4°
  • Алматы
    +6°
  • Нур-Султан (Астана)
    -3°
  • Актобе
    -3°
  • Форт-Шевченко
    +9°
  • Атырау
    +5°
  • Караганда
    -4°
  • Кокшетау
    -3°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +4°
  • Уральск
    +3°
  • Шымкент
    +7°
$
494.87
-0.33
520.65
-1.69
¥
68.34
4.91
-0.03
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Сіз қаншалықты сауатты тұтынушысыз?

2016 жылы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне 191 шағым келіп түскен. Бұл 2015 жылға қарағанда 19 өтінішке көп екен

Елімізде жиі кездесетін құқық бұзушылықтарға баға мен чектегі соманың сәйкес келмеуі – 34%, сатып алушыларға қосымша тауарларды тықпалау – 29%, персоналдың дөрекілігі – 25% және тауар немесе қызмет сапасының айтылған деңгейге сай келмеуі – 24% жатады. Яғни, бұл тұтынушылардың құқығын әртүрлі салада бұзуға болатынын көрсетеді. Ал Шығыс Қазақстан облысында тұтынушылардың құқығы бөлшек сауда кезінде жиі бұзылады. Алайда бұл заңды жетік білмеудің салдарынан ғана болуы мүмкін.

- Тұтынушы қандай да бір дүниені сатып алар алдында тауарлардың жарамдылық мерзімін ғана тексеріп, сатып алатын тауарында әлеуетті зиян қоспалардың болуына аз мән береді, ал сату орындарында ілінген тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы ақпаратты адамдардың көпшілігі оқымайтындығын айта кету қажет. Бұдан көрсетілетін қызметтердің сапасымен орташа қанағаттану, тауар сатушыларының және қызмет көрсетушілердің әрекеттеріне көңіл толмау, тұтынушылардың құқығын қорғауға қолданылатын мемлекеттік шаралардың әлсіздігі, тұтынушылардың тұтынушылар құқығын қорғау саласындағы заңнамадан ақпараттылық деңгейінің жоғары болмауы және сотта өз құқығын қорғауға ынтасының болмауы деген тұжырымдар шығады, - дейді Тұтынушылардың құқығын қорғау комитетінде.

Заңды білу заман талабы болғандықтан тұтынушылардың құқығын қорғау заңын білу әр азаматтың жеке міндеті болуы қажет. Өйткені сіз ол тауардан уланып немесе зардап шегуіңіз мүмкін.

- «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» ҚР Заңының 22-бабына сәйкес тұтынушы тауарды ( жұмысты, көрсетілген қызметті) сатушыға (дайындаушыға, орындаушыға) өз құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықты жою туралы және осы бұзушылықтардан тұтынушыға келтірілген залалды (зиянды) ерікті түрде өтеу туралы кінә қойып жүгінуге құқылы. Егер сатушы (дайындаушы, орындаушы) қойылған кінәға күнтізбелік 10 күннің ішінде жауап бермесе бұзушылықтардан келтірілген залалды (зиянды) сотқа, сонымен қатар өкіл (адвокат кеңселері, тұтынушылардың құқытарын қорғау саласындағы қоғамдық бірлестіктер) арқылы жүгінуге болады, - дейді ШҚО Тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің басшысы Ғазез Сүлейменов.

Дүкендерден мерзімі өтіп кеткен өнімді сатып алу немесе үйге келгенде екі түрлі бағаның жабысып тұрғанын көру әркімнің басынан бір рет болса да өтсе керек. Бірақ көп жағдайда мұны бір реттік жағдай ретінде қабылдап, тіпті назар да аудармаймыз, құзыретті мекемелерге барып шағымданбаймыз. Бұл әрекетеміз қаншалықты дұрыс? Сіз тұтынушы ретінде өзіңіздің құқығыңызды қаншалықты білесіз? ҚР Тұтынушылардың құқығын қорғау

департаменті жүргізген сауалнама нәтижесінде Шығыс Қазақстан облысының 37% тұрғыны өздерінің құқықтарын мүлдем білмейді екен.

- Қазақстандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоры әзірлеген зерттеудің мәліметтері бойынша Шығыс Қазақстан облысында сауалнамаға қатысушылардың 7%-ы «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы ҚР Заңын тәжірибеде қолданған, 10%-ы естіген, бірақ кейбір заңдарды білмейді. 46%-ы естіген, бірақ білмейді, ал 37%-ы мүлдем білмейді, - деп түсіндірді ШҚО Тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің басшысы Ғазез Сүлейменов.

Сонымен қатар, сауалнамаға жауап берушілердің 58%-ы өз тұтынушылық құқытарына қатысты ақпаратпен таныс болғанымен, көп жағдайда өз құқықтарын өз бетінше қорғай алмайтындарына сенімді.

Егер сіз өзіңіздің тұтынушылық құқығыңыздың бұзылғанын көрсеңіз, тұтынушылардың құқығын қорғау департаментіне хабарласу қажет екендігін ескергеніңіз абзал. Өйткені бұл сізге кездескен алғашқы жағдай болғанымен, дүкенде қайталана беретін жағдай болуы ғажап емес.

Ақерке Ақылбекқызы
Следующая →